Жаңалықтар

09.02.2018
Түсіндіру жұмыстары аудандық білім бөлімінде жүргізілді

Бекітілген жоспарға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізі жалғасуда. Ағымдағы жылдың 09 ақпан күні аудандық білім бөлімі және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының бастамасымен «Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу және оның мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
08.02.2018
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 08 ақпан күні аудан әкімі аппараты және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға аудан әкімі аппаратының басшысы төрағалық етті.
06.02.2018
«Хоккей жарысы ұйымдастырылды»

3 ақпан күні Жамбыл ауылдық округінде 23-ші Қысқы олимпиада қарсаңына орай хоккейден жарыс ұйысдастырылды.
05.02.2018
Аудандық жастар комитетінің мүшелері бас қосты.

2018 жылдың 5 ақпаны күні сағат 16.00-де аудандық жастар ресурстық орталығы мен Комсомол ауылдық округінің ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында аудан орталығында құрылған 4 мектеп пен колледждің Жастар істері жөніндегі комитеттің төрағалары мен орынбасарлары бас қосты.
01.02.2018
Электронды үкімет портал туралы түсіндіру жұмыстары 

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізуді жалғастыруда. 2018 жылдың 01 ақпан күні кезекті жоспарға сəйкес аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
29.01.2018
Әкеден – ақыл, анадан – мейір

27 қаңтар күні Т.Жүргенов орта мектебінде «Әкеден – ақыл, анадан – мейір» атты жалпы мектепішілік әкелер жиналысы өтті. Жиналысқа 95 әке қатысты.
29.01.2018
Бала-бақша қызметкерлеріне электронды үкімет порталы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің ұйыдастыруымен «Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу» тақырыбы бойынша аудан орталығында орналасқан «Балауса», «Бәйтерек» бала-бақша қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
25.01.2018
Саз мектебі қызметкерлеріне электронды үкімет порталы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің бастамасымен «Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу» тақырыбы бойынша Аудандық саз мектебінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
24.01.2018
Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес әріптерді де таңдауға болады.
22.01.2018
СМС арқылы туу туралы куәлікке қол жеткізуге болады

Ауданымызда мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісі іске асырыла бастады Аудан орталығында мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті тәсілмен ұсыну пилоттық жобасы аясында жаңа туған нәрестелерге туу туралы куәлік табыс етілді.
22.01.2018
«Жамбылда жыл қорытындыланды»

20 қаңтар күні Ярослав ОМ акт залында 2017 жылдың қорытындылары бойынша Әйтеке би ауданының әкімі М.Ибрашов пен Жамбыл ауылдық округ әкімі Б.Қарабалаевтың есептік баяндамалары тыңдалды.
22.01.2018
«Ярослав ОМ алаңында хоккей корд ашылды»

Жамбыл ауылында қысқы спорт түрлерін дамытуға үлкен жұмыстар атқарылуда. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданда мұз айдындары, хоккей корты салынып, коньки, шаңғы теуіп, салауатты өмір салты насихатталуда, 20 қаңтар күні Жамбыл ауылдық округіндегі Ярослав орта мектебі жанында тағы бір хоккей корд ашылды.
22.01.2018
«Жалындаған жастық шақ – 7»

2018 жылдың қаңтар айының 19-ы күні Қарабұтақ ауылында ауыл жастары мен студенттердің бірігуімен жыл сайын өткізілетін «Жалындаған жастық шақ» атты концертінің 7-ші маусымы өткізілді.
16.01.2018
Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді.
16.01.2018
«Қайталанбас шақтарымның бірі-студенттік кез» атты студенттер арасындағы волейбол ойыны.

2018 жылдың 15 қаңтар күні аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «Қайталанбас шақтарымның бірі-студенттік кез» атты студенттер арасында волейбол ойыны өтті. Ойынға 5 ерлер және 2 қыздар командасы қатысты. Олар: М.Жұмабаев ОМ, Т.Жүргенов ОМ, Талдысай ауылы, Жамбыл ауылдық округі және Әйтеке би аудандық көпсалалы колледжінің студенттері.

Беттер