Жаңалықтар

14.10.2017
Əлеуметтік мəселелер қаралды

13-14 қазан күндері Əйтеке би ауданына "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аясында Ақтөбе облысында құрылған ведомствоаралық топтың 3 бағыты бойынша "Əлеуметтік мəселелерді шешу" жұмыс тобы келіп жұмысын жүргізді.
13.10.2017
Еңбек шартын жасасу бойынша түсіндіру жиналысы

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бас маманы Зейноллаулы Акылбектің төрағалығымен 2017 жылдың 12 қазаны Комсомол ауылдық округінің ғимаратында ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер арасында еңбек шартын жасасу, техникалық қауіпсіздік шараларын қамту жөнінде түсіндіру үшін кездесу өткізді.
13.10.2017
Тас жолы бойы жарықтандырылды

Комсомол ауылдық округінің аумағынан өтетін Ақтөбе – Қостанай тас жолының бойына ұзындығы 3 шақырымды құрайтын көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге «Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2017 жылыдың 01 қыркүйегінде «ИНТЕР ЭЛЕКТРО КОМПЛЕКТ» ЖШС келісім шартқа отырды. Тас жолы бойын жарықтандыру жұмыстарын 2017 жылдың 09 қазан күні толықтай бітіріп іске қосты.
13.10.2017
Туған жерге тағзым акциясы

Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарының, «Санжар», «Азамат» және т.б шаруа қожалық басшыларының қолдауымен «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында 300 мың теңге көлемінде қаражат жиналып, ауылдық округіне қарасты бейіттерді қоршау жұмыстары атқарылуда.
11.10.2017
Аудандық мәслихат депутаттары кезекті «Депутат күнін» Аралтоғай ауылында өткізді.

Аудан әкімі М.Ибрашов және депутаттар алдымен Аралтоғай ауылында болып, әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады, мұғалімдермен жүздесіп, оқушылардың сабақ барысымен танысты. Осы сапар барысында аудан басшысы «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасы ретінде қоғамдық қабылдау жасап,жеке сауалдары бойынша қабылдады.
10.10.2017
«Өзіңнен баста!» акциясы

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық дүниетанымды және нөлдік төзімділікті қалыптастыруға ықпал ететін «Өзіңнен баста» акциясында Комсомол ауылдық округінің әкімі мен қызметкерлерінің табысы
10.10.2017
Мүгедек жандарға қамқорлық — қоғамның қасиетті парызы

,
2017 жылдың 10 қазан күні аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай дойбыдан және дартстан жарыстар өткізілді. Жарысқа 17 адам қатысып өз бақтарын сынады. Жарысқа қатысушыларды аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Қ. Ниязов құттықтап, өз лебізін білдірді.
10.10.2017
Ақтөбе футболының ардагері Н.Шалекеновты еске алуға арналған халықаралық турнирі.

2017 жылдың 30 қыркүйегі мен 7 қазан аралығында 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақтөбе футболының ардагері Н.Шалекеновты еске алуға арналған халықаралық турнирі өтті. Ақтөбе құрамасы ОДЮШОР-2002 командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Құрамында жерлестеріміз, М.Жұмабаев Ом мен Т.Жүргенов Ом-нің оқушылары Шәрі Жұбаныш, Рақымжанұлы Жанарыс және облыс құрамының капитаны Баспақов Есет ойнады.
10.10.2017
«Бизнес ортаны дамыту» бойынша семинар-кеңестер

2017 жылдың 9 қазан күні Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы бастаған топ мүшелері Әйтеке би ауданына келді. Алдымен сағат 10.00-де «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Нұрғалиева Айгерімнің қыздарға арналған кеңесі өтті. Өзінің сұлулық әлеміне қалай келгендігін, сұлулықтың сан алуан қырлары мен сырлары жайында баяндай отырып, макияж жасауды үйретті.
10.10.2017
Ауыл әкімі мүгедектер күнімен құттықтады

10 қазан мүгедектер күніне орай Комсомол ауылдық округінің әкімі Б.Н.Прмагамбетовтың ұйымдастыруымен Талдысай ауылының тұрғыны Захаренко Ирина Леонидовна және Комсомол ауылының тұрғыны Букенбаева Жұлдызай Нұрперзентқызы бала кезінен мүгедектеріне Ақтөбе қаласының жеке кәсіпкері Сисенов Анарбек Аманбекович демеушілік көрсетті.
09.10.2017
«Ұстаз-ұлы тұлға» атты көңілді мәре сайысы.

2017 жылдың 7 қазан күні Т.Жүргенов атындағы орта мектебінде Халықаралық ұстаздар күніне орай, «Ұстаз-ұлы тұлға» атты көңілді мәре сайысы мектеп ұжымының бірлестіктерінің арасында өткізілді. Шараға 6 бірлестіктен 30 мұғалім қатысып, өзара бақ сынасты.
06.10.2017
Комсомол ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және алдын алу мақсатында түсіндіру жиналысы өткізілді

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
04.10.2017
Қариясын қадірлеген ел ардақты

1 қазан қарттар күніне орай Еңбекту орта мектебінің ұжымы және оқушылары ауылдың ата-əжелеріне сый-құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады. Қарттарымыз немерелерінің өнеріне тәнті болып,баталарын берді.
04.10.2017
«Қарты бар ел – қазыналы ел»

Қыркүйек айының жиырма жетінші жұлдызынан бастап бір жеті бойы мектеп оқушыларына мағыналы бейнероликтер көрсетілді. Келесі шара, яғни 28.09 күні ауыл қарттарының үйіне көмек көрсету жоспарға қойылып ол жоспар толықтай дерлік жүзеге асты. Ал 29.09 күні мектеп оқушылары және ұстаздар қауымына қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар осы шараның ізін шала «Ақиқатты айқындап жариялап, бара жатыр азайып қариялар...» тақырыбында трениг сәтті өтті. Осы шаралардың қорытындысы ретінде 02.10 «Қарты бар ел-қазыналы ел» тақырыбында қорытынды кеш болды. Кешке ауылдың және көршілес Аққұм, Байжанкөл ауылдарынан қарттар арнайы шақыртылып құлақ құрышын қандырар әндер мен мың бұрала билеген биші қыздарымыз өнерімен тәнті етті.
03.10.2017
Қарттарым - асыл қазынам

Құмқұдық ауылдық округінде 1 қазан -Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік кеш өтті.

Беттер