Жаңалықтар

05.03.2014
«Үлгілі отбасы»

Белқопа орта мектебінде 27 ақпанда ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен өткен "Үлгілі отбасы" сайысы өтті.
05.03.2014
«Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»

26 ақпан күні Қарабұтақ селосы «Ақбөбек» балабақшасында тәрбиеші Н.Исмагулованың ұйымдастыруымен «Қызғалдақ» тобында «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты спорттық сайыс өтті.
03.03.2014
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімінің «Бәйшешек» жүлдесі үшін волейбол жарысы өткізілді

«8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне» орай Т. Жүргенов ОМ спорт залында аудан әкімінің «Бәйшешек» жүлдесі үшін волейболдан әйелдер арасында өткізілген жарыс өткізілді.
03.03.2014
Аралтоғай селолық клубының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28 ақпанында «Жас қанат-2014» байқауы болып өтті

«Қазақ барда әнi бар, әнi барда жұлдыздан жоғары жолы бар» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Жақсылықтың бастау бұлағындай болып жүректерге жол салған елiмiздiң жезтаңдай әншiлерi, мың бұралған бишілері қазіргі таңда қазақ елінің мақтанышына айналуда. Осындай талантты әншілерді тауып халыққа таныстыру, олардың орындау шеберлігін шыңдау, ән, би, күй өнерiнiң жанрлық ерекшелiктерiн насихаттау мақсатында Аралтоғай селолық клубының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28 ақпанында «Жас қанат-2014» байқауы болып өтті.
01.03.2014
ҚАРАБҰТАҚТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттау тобы болды.
01.03.2014
Мемлекеттік қызметке үміткерлердің назарына! 2014 жылдың 1 наурызынан бастап, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу үш бағдарламадан тұрады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығына сәйкес, 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/33 «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы ережесіне» бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
28.02.2014
«Көзқарас» Қызылжұлдыз орта мектебінде....

Бүгінде ақпараты жан – жақты дамыған қоғамымызда жаңалықты да, байланысты та тез арада жасай алатын жағдайға жетіп отырмыз. Соның айғағы ретінде әлеуметтік желілерді айтуға болады. Санамызға әбден сіңісіп алған бұл тіркесті тиімді пайдалану жағын бірінші ойласақ та, қателіктер де кетіп жатыр. Осы мәселелерді алға тарта отырып, Қызылжұлдыз орта мектебінде «Көзқарас» бағдарламасының ізімен «Интернет пен әлеуметтік желідегі оқушы ролі: әлеуметтік желі «азық па», азап па?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
27.02.2014
Әйтеке би ауданы жастарының аудан тұрғындарына ҮНДЕУІ

Әйтеке би ауданы жастарының аудан тұрғындарына ҮНДЕУІ
27.02.2014
«Мәңгілік ел» форумы өтті

«Мәңгілік Ел» - ұлттық идея, ата-бабаларымыздың арманы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жоспары, халықтың жоғары тұрмыс деңгейі, бірлік пен тұтастық, жаңа қазақстандық патриотизмның өзегі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы стратегиясының жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы табысын жерлестеріміздің тағдыры арқылы көрсету мақсатында Әйтеке би ауданында «Мәңгілік ел» атты жастар форумы ұйымдастырылды.
26.02.2014
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша семинар-кеңес өтті

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Әйтеке би ауданы бойынша салық басқармасы аудандық Әкімдік ғимаратының акт залында аудан кәсіпкерлеріне «2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
17.02.2014
Қарабұтақ ауылында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Өткен күннен ағалар ерлігі ұрпаққа өнеге. Сол кездегі ағалар ерлігі, қазіргі жас жеткіншекке, патриоттық тәлім-тәрбиеге баулитын бірден бір сабақ. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты Қарабұтақ селосында 15 ақпанда Т.Г.Шевченко орта мектебінде «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбында кездесу кеші өтті.
17.02.2014
Аудандық кітапханада Ауған соғысы ардагерлерімен кзедесу болып өтті

Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеу барысында жат жерде жан тапсырып, құрбан болған қыршын боздақтардың есімдерін халық жадында мәңгілік қалдыру және от пен оқтың ортасынан аман оралып, бүгінгі Тәуелсіз еліміздің дамуына жан-жақты ат салысып, үлес қосып жүрген Ауған соғысы ардагерлерінің есімдерін жас ұрпаққа айта жүру мақсатында 14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай аудандық кітапхананың оқу залында «Ауған жерінде қалған із» атты ерлік сағаты өтті.
17.02.2014
Мәдениет мекемелері спорттан жарысты

«Сочи-2014» қысқы олимпиада ойындары басталуына орай Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйінде «Спорт – салауатты өмір салтының негізі» атты мәдени мекемелер арасында спорттық жарыс өтті.
14.02.2014
«Сочи 2014 олимпиадасы» қарсаңына өткен шаңғы жарысы

Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты.
12.02.2014
Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне байланысты халықтан түсетін ұсыныстар, ескертулер мен пікірлерін жинауға орнатылған жәшіктер жөніндегі ақпарат

Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне байланысты халықтан түсетін ұсыныстар, ескертулер мен пікірлерін жинауға орнатылған жәшіктер жөніндегі ақпарат

Беттер