Жаңалықтар

03.10.2017
Ұстаздар күні мерекесіне орай волейбол ойыны өтті.

Талдысай орта мектебінде 30 қыркүйек күні Ұстаздар күні мерекесіне арналған волейбол ойыны өтті. Ойынға мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиешілер, оқушылар, шекарашылар командасы қатысты. Ойын қызықты, тартымды өтті.
03.10.2017
«Ұстазым менің ұстазым»

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Осындай өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап мектебімізде 30 қыркүйек күні толықтай таңертең ұстаздарды қарсы алып құттықтаудан бастап , сабақ беру, мерекелік концертке дейін оқушылардың ұйымдастыруымен өтті.
03.10.2017
Талдысай орта мектебі оқушылары қарттарға көмек көрсетуде

28,29-қыркүйек күндері мектебіміздің оқушылары ауылымызда тұратын жалғызбасты қариялардың үй шаруасына көмектесіп, аулаларын тазартып берді.
03.10.2017
Талдысай орта мектебіндегі Қарттар күні

1 – қазан Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт 2 қазан күні ұйымдастырылды. Бұл күні мектебіміздің төріне қариялар мен қонақтар жиналды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
03.10.2017
Ақтасты жағдайы

2 қазан күні аудан əкімі М.Ибрашов жұмыс барысымен Ақтасты ауылдық округіне барып, жаңадан тағайындалған ауылдық округ əкімі З-Х.Күнтуғанмен Ақстасты ауылындағы əлеуметтік нысандардың жайын жəне қысқа дайындығын қарап қайтты.
02.10.2017
«Қарттарым-асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасы.

2017 жылдың 1 қазан Қарттар күніне орай «Нұр Отан» партиясының бастауымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және аудандық жастар ресурстық орталығы бірлесіп «Қарттарым-асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
02.10.2017
Ардагерлерді ардақтайық

"Нұр Отан" партиясы Ақтөбе облысы Əйтеке би аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы "Жас Отан" жастар қанатының бір топ белсенді мүшелері жəне аудан əкімдігінің жастар комитеті мүшелері Халықаралық қарттар күніне орай Комсомол ауылының тұрғыны Симанькова Раиса Прокофьевнаның үйіне арнайы барып, үй шаруашылығы жұмыстарына қолғабыс жасады.
02.10.2017
Ақтасты ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Аудан əкімінің өкімімен КҮНТУҒАН ЗАЙР-ХАЙДАР СМАҒҰЛҰЛЫ Ақтасты ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды.
02.10.2017
Тағайындау

Аудан əкімінің өкімімен ЖАРЫМБЕТОВ ҚАНЫШ Әйтеке би аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
02.10.2017
Тағайындау

Аудан əкімінің өкімімен Рахметов Темирбек Бозгилбаевич Əйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы, сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
02.10.2017
«Қарттарым асыл қазынам»

1 қазан күні Аралтоғай ауылында ауылдық клубтың меңгерушісі Б.Қуанышевтың ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік концерті өтті. Шара барысында ауыл әкімі С.А.Дуйсенбаев ауыл қарттарын мерекелерімен құттықтап, өз тілегін білдірді.
02.10.2017
«Әйтеке би ауданының үздік жас отбасы-2017» атты аудандық жас отбасылар байқауы.

2017 жылдың 29 қыркүйегі күні Әйтеке би аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы, «Темірқазына-Ақтөбе» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әйтеке би ауданының үздік жас отбасы-2017» атты аудандық жас отбасылар байқауы өтті.
02.10.2017
Информация для населения

01.10.2017
ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

30 қыркүйек күні Әйтеке би ауданы орталығында 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай халық қалаулылары қарияларға ақ дастархан жайып батасын алды.
01.10.2017
Тұрар Əліпбаев "Целинникте" шеберлік сағатын өткізді

"Туған жер" республикалық форумына келген Ақтөбелік өнер майталмандарының арасында біздің жерлесіміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі, профессор, домбырашы Тұрар Байдөсекұлы Əліпбаевта туған жердің топырағына ат басын тіреді.

Беттер