Жаңалықтар

25.10.2012
Талдысайда өтті кездесу

Бүгінгі күні Елбасымыздың, ел Үкіметінің саясатын насихаттау мақсатында құрамында Ақтөбе облысы бойынша Білім және ғылым сапасын бақылау Департаментінің бастығы Ә.Көшербаев, облыстық «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары, елімізге танымал ақын Е.Ашықбаев бар ақпараттық – насихат тобы қазан айының 19-ы күні Талдысай ауылына ат басын тіреп, орта мектеп ғимаратында ұстаздар қауымымен кездесу өткізді.
25.10.2012
ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ

Аудан өміріндегі саяси мәні зор маңызды шараның бірі қазан айының 22-ші жұлдызында аудандық мәдениет үйінде өткен «Нұр Отан» ХДП-сы «Жас Отан» жастар қанатының 2-ші аудандық конференциясы болды. Ауылдардан 43 делегат қатысқан коференцияны аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Б.Жармедетова жиынды ашып, ««Нұр Отан» ХДП-сы «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиясын талқылау» тақырыбында баяндама жасады.
03.08.2012
Қуаңшылықтың зардабы қандай?

Биылғы жыл еліміздің біраз өңірлері үшін қолайсыз болды. Жауын-шашынның кемдігі аптапты ыстық егіннің бір бөлігін күйдіріп жіберді. Табиғи шабындықтың шығымы нашарлады. Елбасына осы жағдай жөнінде жақында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі баяндады. Онда қуаңшылықтың басқа өңірлермен бірге, Ақтөбе аймағын да шарпығаны айтылған еді. Біз осы мәселеге байланысты республикада және жергілікті жерде нендей шаралар алынып жатқанын нақтырақ білмек болып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастағы Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВКЕ жолығып, әңгімелескен едік.

Беттер