01301021. Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау

Қызметтің атауы
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Әйтеке би аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
Қызметтің тұтынушылары
жеке және заңды тұлғаларға
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті беруші белгілеген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушіге нысан бойынша субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді ұсынады. Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушiден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушiден ағымдағы жылы сатып алған көрсетілетін қызметті алушы тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
көрсетілетін банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.