01301025. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың кеңселері;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
заңды және жеке тұлғалар
Қызметтің құны
тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда жиырма төрт жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Кодекстің 84-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының мүлкі объектісінің тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 84-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
2) Мемлекеттік корпорацияға – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация:
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде:
асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға;
отандық және шетелдік асыл тұқымдық зауыттардан және шаруашылықтардан асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, шошқаларды, түйелерді, маралдарды (бұғыларды) сатып алуға;
отандық және шетелдік асыл тұқымдық репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапан мен ата-енелік/ата-тектік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқасын сатып алуға;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға;
шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге;
асыл тұқымдық орталықтар мен асыл тұқымды жануарлардың ұрығын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі - дистрибьютерлік орталық) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына қолдан ұрықтандыру жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі шығындарын 50 %-ға дейін өтеуге өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап 12 айдан аспаған кезде;
мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға, оның ішінде:
бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізуге;
сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн (қозы етін), түйе етін, шошқа етiн, құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбат, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру құнын арзандатуға;
ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап үш айдан аспаған кезде субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдайды.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Көрсетілетін қызметті алушыға - өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады.