00403006. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметтің құны
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы және тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы). «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген білім алушылар санатына мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін немесе жеңілдік негізінде ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді. Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына: 1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; 3) көп балалы отбасылардың балалары; 4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балалар; 5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп-интернаттарда тұратын балалар; 6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар; 7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері; 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; 9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар; 10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады. Білім беру қызметтеріне ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.
Қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут; 2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Қажетті құжаттар
1) еркін нысандағы өтініш; 2) баланың жеке басын куәландыратын құжат; 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 035-2/У нысаны бойынша медициналық анықтама. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.