00403009. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандар мен қалалардың білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметтің құны
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін және ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады. Мемлекеттік қызмет: 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға; 4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін түрде көрсетіледі.
Қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: жолдама беру бойынша – он бес жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін
ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз жүзінде.
Жұмыс кестесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
Қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушінің жүгінген кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
5) табысы туралы мәлімет (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары) 6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі. 7) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға тегін жодама беру туралы білім беру ұйымдары алқалы басқару органдарының шешімінің көшірмесі; 9) даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялардың медициналық қорытындысының көшірмелері; 10) көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда). Көрсетілетін қызметтті беруші құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға: 1) сұранымды қабылдау нөмірі және күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары; 4) құжаттардың беру күні (уақыты) және орны; 5) өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда); 6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде