00404002. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Қызметтің атауы
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмі» ММ, ХҚКО, үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыз № 217 қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
5) мүгедектігі туралы анықтама;
6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;
7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
порталда: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) тағайындау туралы хабарлама.