02701001. Тұрғын үй көмегін тағайындау

Қызметтің атауы
Тұрғын үй көмегiн тағайындау
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
ХҚКО, «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) ХҚО-ға:
1. өтініш;
1. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
1. отбасының табысын растайтын құжаттар;
2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3. тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;
4. коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
5. телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
1. жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
2) порталда:
1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2. отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3. тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
4. коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың электрондық көшірмесі;
5. телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
1. жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама.