Найман Сырманов

Аудан әкімі А.Бердалинге қоятын сұрақтарымыз:1 - сұрақ. Сіздің сайтағы сұрақ - жауап бөлімі неге жабық?2 - сұрақ. РДКның алдына тас төселді екен. Өте жақсы деп жатқан ешгім жоқ. 6 ай қардың астында жататын болса, несіне ақша шаштық?3 - сұрақ. біздің үйге үш жаңалық жаршысы келеді. Оқитын дұрыс мақал жоқ. Газетті кім жөнге қояр екен? Біз осылай мектептің қабырға газеті мен бальницаның бюллетенін, еске алу мен қайыр айту, туған күннің құтты болсынды оқумен өтеміз бе?

1- Аудан әкімдігі атына ашылған aitekebi.aktobe.gov.kz сайтын ашушы, қаржыландырушы, қызметін жүргізетін облыс әкімдігі. Біз материалдарды жібереміз олар орналастырады. Аудан әкіміне сұрақтарыңызды электронды түрде қойғыңыз келсе, Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық цифрлы қолтаңба алып e.gov.kz сайты арқылы жолдауыңызға болады. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сіздің электрондық цифрлы қолтаңба қойылған өтініш қағаз түріндегі өтінішпен заңды құқықтық тұрғысынан теңбе тең. Ал электрондық цифрлы қолтаңба қойылмаған бірақ электронды түрде жолданған өтініштердің заңды күші болмайды.
2- Аудандық «Целинник» мәдениет үйі және «Нұр Отан» аудандық филиалы ғимарат алдында үнемі әр түрлі мәдени көпшілік шаралар мен тұрғындар демалып отыруына орай абаттандырылып, жарықтандылып, төсеніш төселенді. Ол жөнінде тұрғындар аудан газеті және кездесу-жиындарында ризашылықтарын білдіріп жатыр.
Демалыс орындықтар қойылып, гүлзарларға орын белгіленді. Бұның бәрі қазіргі заманға сай жасалынуда.
Саябақ алдындағы төсеніш Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жасалынып, осы мерекені ауыл тұрғындары құмды, шаңды жерде емес қазіргі заманның талабына сай безендірілген алаңда өткізуді ұйымдастырудамыз.
Төселінген төсеніш 6 ай қар астында жатпайды, биылғы қыс айларында қар адам күшімен тазартылуда. Техниканың күшімен немесе қарды әр түрлі тескір металдармен де оюға болмайды. Себебі төсеніш жарақаттанбау керек. Ал арнайы тазалайтын техника алуға әзірге мүмкіншілік жоқ, ол алдағы уақыттың еншісінде.
3- Аудандық «Жаңалық жаршысы» газеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 және 2013 жылғы 18 сәуірдегі №374 қаулыларымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы» негізінде 2014 жылғы 1 тамызда коммерциялық тендер арқылы сатылып, жекешелендірілді. Алайда газете мемлекеттік тапсырыс бойынша материалдар басылып өз кезегінде оқырмандар арасында қоғамдық көзқарас қалыптастыруға ықпал етуде. Сондай-ақ газет жеке меншік болғасын өзін-өзі қаржыландыру мақсатында жарнамалық мақалаларды жариялайды. Сонымен қатар әр түрлі аурулардың алдын-алу мақсатында халықты құлақтандырып отырады.
«Жаңалық жаршысы» газетінің мазмұнын өзгертуде өзіңіздің ұсыныстарыңызбен, пікірлеріңізді редакция ұжымына хабарласып ой алмасуыңызға болады.
Категория: 
Разное