00403007. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметтің құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 17.30 – ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; 3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі; 4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама. Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді: 1) сұраныстың нөмірі және қабылданған күні; 2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны; 5) өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай – ақ әкесінің аты (болған жағдайда) және байланыс телефондары.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.