01301016. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

Қызметтің атауы
Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызметтің тұтынушылары
жеке тұлғаларға
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут; 2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға: жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) порталға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама