02201015. Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
«Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке және заңды тұлғалар.
Қызметтің құны
Тегін.
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі электрондық құжат нысанында, көрсетілген қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қол қойылып (ЭЦҚ) көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметті қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қзметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті тұлға; құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;
4) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясы;
5) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсi және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісі; 6) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасы;
7) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер. порталда:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім; 2) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазбаның электрондық көшірмесі; 3) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясының электрондық көшірмесі; 4) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсiнің электрондық көшірмесі және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісінің электрондық көшірмесі; 5) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасының электрондық көшірмесі; 6) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды оның әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілген қызметті алушыдан барлық қажетті құжаттарды алған кезде:
көрсетілген қызметті берушіге - қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растаушы құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме болып табылады;
порталда - «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы хабар жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алатын күн мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі электрондық құжат нысанында, көрсетілген қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қол қойылып (ЭЦҚ) көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметті қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады.