02602002. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
жеке және заңды тұлғаларға
Қызметтің құны
тегiн
Қызмет көрсету мерзімі
1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 6 (алты) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыт – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақжол берілетін уақыт – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Ресбубликасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;
нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
жер учаскесіне құқық беретін құжатнемесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
бастапқы материалдарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
топографиялық түсірілім.
2) Мемлекеттік корпорацияға:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жобалауға арналған тапсырма;
жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;

порталға:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі;
бастапқы материалдарды алу үшін:осы мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі;
топографиялық түсірілімнің электрондық көшірмесі беріледі.
Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиесті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Өтініштің қабылдануын растау:
құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы көрсетілетін қызмет берушідегі белгі;
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі:
құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;
нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
техникалық шарттарды;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
тік жоспарлау белгілерін;
жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.