Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы

Әйтеке би ауданы әкімдігімен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №222 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сай аудан көлемінде іс-шаралар атқарылып келеді.
Аудан бойынша көрсетілген Жоспарға сәйкес жауапты тұлғалар белгіленді. Жоспар талаптарын жүзеге асыруда ағымдағы жылы «Сыбайлас жемқорлықтың мінез-құлқы мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» айдарымен бір диалог алаңы, «Жаңа кәсіби стандарт», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет», «Сыбайлас жемқорлық-рухани кесел!» тақырыбында үш дөңгелек үстелі және бес отырыс-кеңес өткізілді. Атқарылып отырған шаралар аудан әкімінің сайтында жарияланған.
Бұл жүргізілген шараларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет өткеру талаптарына толық тоқталып өтілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында «Сыбайлас жемқорлық-рухани кесел» айдарымен аудандық кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап қоры кестеге сай жаңартылып отырады.
Және де мемлекеттік қызметкерлермен жергілікті басылым беттерінде табыстары жөнінде мәліметтер жариялануда. Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жергілікті БАҚ-да тұрақты айдар ашылып, 11 мақала беріліп, жарияланды.
Бұл шараларды аудан әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық Кеңесі мүшелерімен бірлесе отырып, елді-мекендерде қоғамдық қабылдау жүргізуде заңға түсіндіру іс-шараларын жалғастырып келеді.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың арыздарын салу жәшіктері оңтайлы жерлерде орналастырылып, сенім телефондары жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, сатып алу саласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты қосымша шаралар жүргізіліп, ағымдағы жылдың өткен мерзімдерінде мекеме басшылары мен мекеменің есепші бухгалтерлері қатысып, сертификаттар алды. Аталған шараға 60-қа жуық адам қатысып, жалпы 3 млн-дай қаражат жұмсалды.
Сондай-ақ, жариялылық, ашықтық принциптерін сақтау мақсатында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу мәліметтеріне еркін қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, тұрғын үй комиссиясымен коммуналдық меншіктегі арендадағы тұрғын үй жалдаушыларымен төлемдерді бақылау жағынан кемшіліктер орын алуда. Бұл бағытта шаралар алынуда.
Тағы бір басты мәселе, бұл жер учаскелерін беру кезінде ашықтықты және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында аудандық жер учаскелерін беру комиссиясы құрамына Ұлттық кәсіпкерлік палата өкілдері енгізілген.
Ағымдағы жылы Әйтеке би ауданының орталығы Комсомол ауылына көгілдір отын-газ келіп, тұтынуға қосылып жатыр.
Енді, тұрғындарға тұрғын үй салуға жетіспей тұрған коммуникациялық талаптардың бірі-газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Комсомол ауылында тұрғын үй салуға жер учаскелерін беруді облыс әкімі салтанатты түрде бастағаны баршаңызға мәлім, қәзіргі мерзімдерде белгіленген тәртіппен жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 297 жер учаскесі берілу белгіленсе, оның 250-і Комсомол ауылында берілу жоспарланған. Қәзіргі уақытта 146 жер учаскесі берілді. Жер учаскелерін беруде тұрғындар құқын бұзу орын алмаған.
Комсомол ауылдық округі әкімі ғимаратында, аудан әкімінің интернет-ресурсында тұрғындардың жер учаскелеріне кезектілік тәртібі беріліп, қолжетімділік толық қамтамасыз етілген.
Әйтеке би ауданы әкімдігімен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша мемлекеттік органдар мен ведомстволық ұйымдардың қызметінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне талдау жасалды.
2015 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтарының қолданылуына қатысты тексерулер нәтижесімен екі жауапты тұлға сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Атап көрсеткенде, бірінші жағдайда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 бөлігі 8 тармағында көзделген құқық бұзушылыққа жол берген аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімінің бас маманы А.Жакибаев сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтары үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік шараға тартылса (бұйрық №68_ "28" мамыр 2015 ж), екінші жағдайда «Әйтеке би аудандық білім бөлімі» ММ-не қарасты «Балауса» мектепке дейінгі балалар бақшасының Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 бөлігі 4 тармағында көзделген құқық бұзушылыққа жол беру, яғни, шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету түріндегі заң бұзушылықтарға жол беріліп, балабақша меңгерушісі Л.Соболева аудандық білім бөлімі басшысының 07.08.2015 жылғы №127 бұйрығымен атқарып отырған лауазымынан босатылған.
Ал, 2016 жылдың өткен мерзімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар тіркелмеген.
Дегенмен, мемлекеттік мекеменің бір лауазымды тұлғасына қатысты ҚР ҚК-нің 361 бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залалдың өтелуіне, қылмыстың жасалуына шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.
Атап көрсетсек, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің директорының бұйрықтарымен 2014-2015 жылдар аралығында және 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында осы мектеп директоры шаруашылық жөніндегі орынбасары Н.Р. Шангитбаеваға өзінің негізге қызметінен бөлек, қыс мезгілінде (15 қазан мен 15 сәуір аралығында) 0,5 ставкамен от жағушы, жаз мезгілінде 0,5 ставка вахтер ретінде жұмысқа бекітілген оған бюджттен негізсіз жалақы төленген. Осыған байланысты сұралған мектептің от жағушылары, вахтер, күзетшілері Н.Шангитбаеваның қыс мезгілінде от жақпағанын, жаз айларында вахтер немесе күзетші болып мүлдем жұмыс жасамағанын көрсеткен.
Нақ осындай, М.Жұмабаев атындағы орта мектеп директорының бұйрықтарымен мектептің бас есепшісі, есепшісіне 2014-2015 жылдары қосымша аула сыпырушы, от жағушы, вахтер және күзетші ретінде тек бұйрық ретінде тіркеліп, нақты осы жұмыстарды жасамай, қосымша 0,5 ставкамен негізсіз бюджеттен жалақы төленген.
Яғни, М.Жұмабаев атындағы орта мектеп директоры мен бас есепшісі, лауазымды тұлға бола тұра, тиісті дәледейтін құжаттарсыз бюджет қаражаттарын заңсыз иемденген.
Сөйтіп, М.Жұмабаев атындағы орта мектептің лауазымды тұлғалары өздерінің қызметтік өкілеттіктерін мемлекет мүддесіне қайшы пайдалып, алдын-ала есеп бойынша жалпы көлемі 2 092 600 тенге бюджет қаражатын алған.
Сотқа дейінгі тергеп тексеру нәтижесінде 27.06.2016 жылы мектеп директорымен (К.О.Малдыбаева) келтірілген зиян өтеліп, айыбын толық мойындауы және шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.
Талдау шаралары көрсетіп отырғандай сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстар білім бөліміне қарасты мекемелерде орын алып отырғандықтан, осы көріністердің алдын алу, болашақта болдырмау мақсатында аудандық білім бөлімімен аталған бағытта жүргізіліп отырған жұмыстары аудандық комиссия отырысында тыңдалып, аталған бағыттағы көріністердің алдын-алуға шараларды күшейту көрсетілді (білім мекемелері арасында талқыланған).
Бүгінгі танда, Әйтеке би ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары және бағыныстағы ұйымдарымен 97 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 54 қызметі баламалы негізде электрондық форматта, 44 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы және 24 қызмет тек қана жергілікті атқарушы органдары мен бағыныстағы ұйымдармен көрсетіледі.
Әйтеке би ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі 2016 жылдың 19 шілдесінен бастап өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі таңда бөлімде бөлім басшысы, екі маман қызмет етеді. Бұған дейін мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бойынша жұмыстарды құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне қоса жүктелген еді.
2016 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 49983 қызмет көрсетілді, өткен жылдың осы кездегі көрсеткішінен екі есе артық (2015 ж.– 24911 қызмет). Оның 3187 электрондық форматта көрсетіліп, өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артты (2015 ж.- 2633 қызмет). Баламалы негізде мемлекеттік корпорация арқылы 4659, өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға артты (2015 ж.- 4445 қызмет). Жергілікті атқарушы органдар және бағыныстағы ұйымдарымен көрсетілген қызметтер- 42137, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артқан (2015 ж.- 17832 қызмет).
Егер, а.ж. көрсетілген 49983 (50 мыңға жуық) қызметтің ішінде электронды форматта көрсетілген қызметтер үлесі 6,4 пайыз болса, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 9,3 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда, бұл өте төмен көрсеткіш деп есептеймін.
Бұл жағдай, жергілікті атқарушы органдар және бағыныстағы ұйымдармен көрсетілген қызметтердің «электрондық үкімет» арқылы электрондық форматта көрсетілуінің қолжетімді болмауына байланысты. Мысалы: ветеринариялық анықтамалар беру (2016 ж.- 741 қызмет); Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу (2016 ж.- 36497 қызмет); білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау (2016 ж.- 806 қызмет). Яғни, аталмыш мемлекеттік қызметтер стандартында баламалы негізде электрондық форматта көрсетілуі бекітілсе де, іс жүзінде бұл қызметтерді «е-үкімет» арқылы көрсетуге, техникалық себептерге байланысты, мүмкіндік жоқ.
Әйтеке би ауданы бойынша мерзімдері сақталмай көрсетілген қызметтер саны – 1. Жылдың басында техникалық ақауларға байланысты орын алған қателік. Осындай жайттарды ескере отырып мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің сақталуы үнемі бақылануда.
Баяндалғандар негізінде, Әйтеке би ауданы жергілікті атқарушы органдарымен өз қатарындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне сын көзбен қарап, олардың алдын алуға, болдырмауға шаралар алынып отырғандығын және Әдеп кодексі талаптарының толықтай орындалуын назарларыңызға ұсына отырып, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шараларын белсенді жүргізетіндігіне сенім білдіремін.