Ереже

Аудан әкімдігінің 2015 жылғы «16» қаңтардағы
№04 қаулысымен бекітілген.
«Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
І.Жалпы ережелері.
1. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген тәртіпте құрылған, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-сі өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс, аудан әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-сі заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы, мемлекеттік тілге жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
«Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-сі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
4. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымы мен шекті штат санын аудан әкімдігі бекітеді.
5. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-нің заңды мекен- жайы: Қазақстан Республикасы, 030100, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы,Т. Жүргенов көшесі № 62
6. Аудандық мемлекеттік органның толық атауы : «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
7. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-нің құрылтайшысы және мемлекеттік басқару органы Әйтеке би ауданының әкімдігі болып табылады.
«Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-нің құрылтай құжаттары «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-нің Ережесі болып табылады.
8. Аудан әкімінің аппаратын қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
ІІ.Негізгі міндеттері, құқықтары және қызметтері.
9. Ауданы әкімінің аппараты заңдарға сәйкес мынадай қызметті жүзеге асырады:
1). аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
2). Республика Президенті мен Үкіметі, облыс, аудан әкімдігінің және облыс, аудан әкімі актілері мен тапсырмаларын орындау үрдісіндегі жергілікті органдардың қызметін үйлестіру;
3). Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс, аудан әкімдері актілері мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын бақылау;
4). аудан әкімдігінің мәжіліс отырыстарын, аудан әкімі, оның орынбасарларындағы кеңес отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
5). әкімнің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық департаменттер, аудандық басқармалар және бөлімдермен, саяси партиялармен және қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен, Мәжіліс депутаттарымен өз ара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
6). аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар кадрларымен жұмысты ұйымдастыру, аудан әкімдігінің алқа отырысына қатысу;
7). аудан әкіміне жолдаған арыз-шағымдарды, хаттарды, ұсыныстар мен қызмет бабындағы құжаттарды қарау, аудан әкімінің іс құжаттарын жүргізу, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және құжаттар айналымын талдау;
8). аудан әкіміне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымының құрылуы, таратылуы және қайта құрылуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
9). әкімнің және оның орынбасарларының қызметін, қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
10). белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылған аудан әкімдігінің қаулысы, аудан әкімінің шешімі мен өкімінің жобаларын қайта пысықтауға қайтару;
11). аудан әкімімен өткізілетін іс шаралар мен атқарушы органдар алқаларының отырысына қатысу.
10. Аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттері мыналар:
1). аудан әкімінің қызметін, ұйымдық, құқықтық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және басқалай қамтамасыз ету;
11. Аудан әкімінің аппараты өзінің құзіреті шегіндегі негізгі міндеттерді орындау және өзінің қызметін жүзеге асыру мақсатында мыналарға құқылы :
1). ауданның мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық және басқа да материалдарды сұратып алу, пайдалану;
2). аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру;
3). ҚР президенті мен Үкіметінің және облыс, аудан әкімдігі актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
4). мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының Мемлекет басшысының,Үкіметтің және облыс, аудан әкімдігінің актілерін олардың орындауға қатысты бөлігіндегі қызметі туралы ұсыныстар енгізу;
5). аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік органдардың қажетті материалдар, мәліметтер, ақпараттар беру жөніндегі сұраныстары, сондай-ақ аудан әкімдігінің қаулылары немесе аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері белгілеген мерзімдерде орындалуға тиісті.
ІІІ. Мемлекеттік мекеменің мүлкі.
12. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-нің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
13. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-нің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады, бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
14. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ-не бекітілген коммуналдық мүліктер мен құралдарға өз бетімен иелік етуге құқы жоқ.
ІV.Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру.
15. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ заңда белгіленген тәртіпте аудан әкімі қызметке тағайындайтын және босататын аппарат басшысы басқарады.
Сондай-ақ аудан әкімі аппараты өзге қызметкерлері де заңда белгіленген тәртіпте аудан әкімімен қызметке тағайындалады және босатылады.
16. Басшы аппараттың жұмысын ұйымдастырады және аппаратқа жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына жеке жауап береді.
17. Осы мақсатта аппарат басшысы :
1). «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерінің өкілеттіктері мен қызметтерін белгілейді;
2). аудан әкіміне мемлекеттік қызметшілер санатына жататын қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялау, тәртіптік жаза белгілеу, көтермелеу және кадрларды қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізеді;
3). аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметші болып табылмайтын аппарат жұмысшыларын қызметке тағайындайды ;
4). мемлекеттік және басқа да органдарда аудан әкімі аппаратының мүддесін қорғайды;
5). заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
6). сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес шаралар қабылдайды.
V.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату.
18. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдарымен жүзеге асырылады.
VІ. Мемлекеттік мекеме таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі.
19. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ таратылған кезде кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкі, егер заң актілерінде өзгеше тәртіп көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
VІІ. Мемлекеттік мекеменің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
20. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізіледі. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ ережесіне өзгерістер мен толықтырулар оның жоғары органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша енгізіледі.
VІІІ. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәлімет.
21. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар құрып, өкілдіктер аша алады.