Тарих

Тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына аудан бойынша төмендегі орындар жатқызылады:
Тың жылдарын ұлықтау мақсатында Жамбыл селосында «Трактор» постаментке орнатылған.
Ескі Қарабұтақ қирандысында украин ақыны, айдауда жүрген Т.Г.Шевченконың болғанын еске салатын тас белгі, ал есімімен аталған Т.Г.Шевченко атындағы кеңшар кеңсесінің алдында 1968 жылы ескерткіш қойылды.
Қара қылды қақ жарған қазақтың ұлыларының бірі Әйтеке би есімін ұлықтау үшін 2005 жылы Қарабұтақ селосында ескерткіш орнатылды. Ауданның 15 ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға обелискілер жасалған. Ғасырлардың өзіндік архитектуралық өнерінен сыр шертетін мазарлар, қорымдар және т.б тәу етер сәулет құрылыстары көптеп саналады. Олардың арасынан Сахабай (ХІХ ғ), Сеңгірбай (ХІХ ғ. ортасы), Кепер (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы), Қартабай (ХІХ ғ. ІІ жартысы), Әбдібай (ХІХ ғ), Бұршақбай (1857 ж.), Жаныс (ХІХ ғ), Байғабыл (ХХ ғ. басы) тамдары, ХІХ ғасырдың орта шенінде салынған Нұрсейіт, Қарабас әулие, Шыбын мазарларын және Орта жүздің ханы Әбілқайыр тыныстаған Хан моласы қорымдарын атауға болады. Жабасақтағы Самрат, 1909 жылы тұрғызылған Белқопадағы Құлтас мешіттері, 2006 жылы қайта жөндеуден өткен Қарабұтақ селосындағы Сары Ишан әулие мазарлары қалың бұқараның тағзым етер орындарына айналды.