Экономика

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің
2019 жылдың 11 айындағы қорытындысы туралы
2019 жылдың 11 айындағы қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері, оның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің НКИ (нақты көлем индексі) – 110,4% құрады немесе өндірілген өнім көлемінің құны 6650,3 млн. теңгеге теңелді. Нақты көлем индексі тау-кен өнеркәсібі бойынша – 108,7% болды, ал өңдеу өнеркәсібінде НКИ – 124,1% құрады. Электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауа баптау бойынша – 94,8% болды.
2019 жылдың қараша айындығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 24820,4 млн.тенгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,1% болды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орындалмауына құрғақшылыққа байланысты егін өнімінің толық көлемде алынбауы себеп болды.
Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2751,0 млн. тенгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезеңге салыстырғанда 77,2% орындалды. Құрылыс көлемінің аз болуы өткен жылы газ құбыры, су құбыры, жол саласында т.б. құрылыстарда бөлінген қаражат және жеке құрылыс салушылардың өз қаржысы есебінен құралды. Ал 2019 жылы газ құбыры құрылыстары бойынша қалған қаражаттары 30 пайыздың шамасында, су құбырынан тек Аралтоғай ауылының суы оның өзінің 45 пайыздай қаражаты бөлініп, игеріліп отыр. Сондай ақ жеке құрылыс салуда да көлемді құрылыс объектілері жоқ. (Мысалға: Вертекс Холдинг ЖШС, Каз Купер ЖШС құрылыстары жоқ)
Негізгі капиталға 11 айда 5908,2 млн. тенге салынды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, нақты көлем индексі 109,4 % пайызды құрады. Ауданда Аққөл, Жамбыл ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбырлары 1057,5 млн.теңгеге жүргізіліп Аққөл ауылына газ берілді, Жарөткел ауылына ауылішілік газ құбыры 64 млн.теңгеге жүргізіліп іске қосылды. Құмқұдық ауылына жеткізуші газ құбырының жобалық сметалық құжаттарын жасауға 8,7 млн.теңге қаражат бөлінді. Ақтасты ауылына су құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттарын жасауға 10,0 млн.теңге бөлінді.
Халықтың жеке қаражатымен салынған тұрғын үйлерді қоса есептегенде, жалпы алаңы 10 138 шаршы метрді құрап немесе өткен жылмен салыстырғанда 108,5% орындалды.
Бөлшек сауда өткізу көлемі 1 желтоқсанға 3013,1 млн. тенгеге жетіп, немесе нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 103,0 % құрады.
Өткен 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5 басқа өсіп, нақты көлем индексі 100 % жетті. Сиыр малы 3129 басқа өсті, немесе 114,2%, қой 560 басқа өсіп, нақты көлем индексі 100,7% құрады. Жылқы малы 11814 басты құрады, нақты көлем индексі 100,0%-ға жетті. Ал құстың барлық түрі 775 басқа азайды , немесе 99,0 % құрады, оған құстың көп түрінің сойылуы себеп болды.
Аудан бойынша ет өнімі 11 айда 11959,9 тонна болып, НКИ 126,2% болды. Сүт өнімі 23571,3 тонна болды, ал нақты көлем индексі 103,1 % , жұмыртқа саны 6107 мың дана болып, нақты көлем индексі 102,1 % құрады.
2019 жылдың 11 айына бекітілген аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары 739,9 млн. теңге, 2019 жылдың 1 желтоқсанына нақты кіріс 849,7 млн. теңге болып, жоспар 114,8 пайызға орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігінің жоспары 4810,2 млн.теңге, нақты бюджет шығындары 4805,1 млн.теңге немесе 99,9 % орындалды.
Добавлено: 
13.07.2012 - 05:00
Последние изменения: 
05.01.2020 - 05:00