Аудан әкімінің орынбасарлары

Мулькаев Бахитжан Илимжанович 1962 жылы 3 мамырда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1981 жылы Хромтау ауданы Новоресей кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. Одан кейінгі жылдары Новоресей совхозында түрлі лауазымдар атқарған. 2008 жылы Мәртөк аудынында Хлебодар ауылдық округінің әкімі, Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының Мәртөк аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Осы лауазымға қабылданғанға дейін «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі болды. 2017 жылдың 23 мамырынан бастап Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.