Үкіметтік емес ұйымдар

Әйтеке би ауданы бойынша «Аманат-Әйтеке би» (Басшысы - Ниязов К.Б), «Ауылға жәрдем» (Басшысы - А.Түймебаев), «Темірқазына» (Басшысы - Н.Қожабаева), «Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Қазақ күресінің федепациясы» (Басшысы - Қ.Надиров) қоғамдық бірлестіктері мен «Жомарт-Айтеке би» (Басшысы - Ә.Боранбаев) қоғамдық қоры жұмыс жасайды. «Аманат-Әйтеке би» және «Темірқазына» қоғамдық бірлестіктері негізінен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, азаматтардың елдің экономикалық және мәдени қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысуларына жағдай жасау. Төзімділік және адамгершілікті насихаттау, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпты, ұлтттық құндылықтарды қорғау, кездесулер мен дөңгелек үстелдер, турнирлер мен көрмелерді ұйымдастыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. «Ауылға жәрдем» қоғамдық бірлестігі аз қамтылған отбасыларын, қарттар және мүгедектер құқығын жүзеге асыру мен қорғау, әдістемелік, психологиялық, материалдық және де өзге де көмектер көрсету, оардың белсенділігін арттыру, қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық шараларға, еңбекке тартуға атсалысу болып табылады. «Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Қазақ күресінің федепациясы» қоғамдық бірлестігі ұлттық спортты дамыту және насихаттау. Жастардың спортпен, соның ішінде қазақ күресімен айналысуына жағдай жасау, ауданда спортты дамыту мәслелерімен айналысу. «Жомарт-Айтеке би» қоғамдық қоры Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданын жан-жақты дамыту және көркейту, туристік, мәдени және инвестициялық тартымдылығын көтеру, тұрғындардың тіршілік ету үшін қолайлы ортаны және жеке бастамаларды тудыру және дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау, мәдени, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және басқа қоғамдық маңызды және пайдалы жобаларды және бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында құрылып жұмыс жасауда.