Аудан әкімі

Мәди Қанатбайұлы Елеусізов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, Ресей Кеден академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар қаласы «Южбозой» АҚ-да экономист қызметінен бастаған. Ақтөбе облысы Кедендік бақылау басқармасының кедендік режимдерді бақылау бөлімінің инспекторы, Ақтөбе облысы бойынша Қобда кедендік бақылау басқармасының басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Мәртөк ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысы, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ырғыз ауданының әкімі  қызметтерін атқарды.