Мәдениет

Әйтеке би ауданының мәдениет саласы бойынша қазіргі таңда 1 мәдениет үйі, 17 ауылдық клуб, 3 музей, 23 кітапхана, 1 архив және мәдениет бөлімі жанында азаматтардың хал актісін тіркеу қызметі жұмыс жасайды.
Мәдениет үйі. Клуб мекемелерінің салыстырмалы көрсеткіші: 2016 жылы – 17, 2017 жылы – 18, 2018 жылы – 18. 2017 жылы Үшқатты ауылдық клубы іске қосылса, 2018 жылы Қайрақты ауылындағы клуб жабылып, Тереңсай ауылында жаңа құрылыспен ауылдық клуб ашылды. Аудандағы 2017 жылы мәдениет қызметкерлерінің саны 91 болса, яғни 33 адам әкімшілік шаруашылық бөлімінде қызмет етуде. Кіші қызметкерлер 58-ді құрайды. Мәдениет қызметкерлерінің 15 арнайы орта білімді, орта 67, Жалпы жоғары 9, Жұмысына сәйкес жоғары 7, сырттай оқитындар 3, соның ішінде ер 63, әйел адам саны 28. 2017 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекенде жұмыс жасап тұрақтап қалу мақсатында жас маман Кеңесов Архат Сәкенұлы жұмысқа орналасты.
«Халықтық» және «үлгілі» атағына ие болған 6 ұжым бар:
Ұжымның атауы
Жетекшісі
1
Халықтық «Замандас» театры
Г.Қалмағанбетова
2
Халықтық «Әзілкештер» театры
Г.Қалмағанбетова
3
Үлгілі, Халықтық «Шұғыла» бишілер тобы
Ж.Асқарқызы
4
Халықтық «Дала сазы» фольклорлық ансамблі
Е.Қалибеков
5
Үлгілі, Халықтық «Назерке» бишілер тобы
Ж.Асқарқызы
6
Халықтық «Сударушки» әжелер ансамблі
М.Қарабалин
Аудандық мәдениет мекемелері бойынша ақылы қызметтің орындалуы: 2015 ж. – 800,0 мың теңге, 2016 ж. – 900,0 мың теңге, 2017 ж. 950,0 мың теңге. Ақылы қызметтің түсу жолдары: концерттік бағдарламалар, костюмдерді жалға беру, әртүрлі жастағы би кештерін ұйымдастыру, кәсіби мерекелік шаралар. Аудан бойынша салыстырмалы түрде: 2015 жылы – 730 шара, 39960 көрермен, 2016 жылы – 824 шара, 39960 көрермен, 2017 жылы – 894 шара, 42000 көрермен.
Музей. Аудандағы 3 музей, олар – аудан орталығындағы Әйтеке би аудандық музейі, Қарабұтақ ауылдық музейі және Әбілқайыр хан музейі. 28.03.2018 жылы облыс әкімінің №150 қаулысымен Қарабұтақ ауылдық музейі Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінің құрамына қосылды және Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейі «Әйтеке би аудандық музейі» болып қайта аталынды. 3 музейдің де өз ғимараттары бар. Жалпы қызметкерлер саны – 24 адам. Оның әкімшілік және шығармашылық қызметкерлері 9, кіші қызметкерлер саны – 15. Әкімшілік және шығармашылық қызметкерлердің 8-і жоғары білімді, 1-еуі арнаулы орта білімді. Жалпы экспонаттар саны – 4968. http://aitekebi-muzei.kz сайты жұмыс істейді.
Кітапхана. Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 23 кітапхана жұмыс жасайды, оның ішінде:1аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 1 Қарабұтақ балалар кітапхана, 2 моделді ауылдық кітапханалар (Әйке, Қарабұтақ), 18 ауылдық филиал кітапханалар. 23 кітапхананың Қарабұтақ, Тереңсай, Тымабұлақ, Аралтөбе ауылдық кітапханаларының жеке ғимараттары бар, қалған 19-ы басқа мекемелердің ғимараттарында орналасқан. Пайдаланушылар саны - 16750, келушілер саны – 173091, кітап қоры – 355369, кітап берілімі – 349062, келіп түскен жаңа кітаптар саны – 4609. Аудандық ОКЖ бойынша кітапханада - 355369 дана кітап қоры, оның ішінде мемлекеттік тілде - 163972 дана кітап бар. Аудандық кітапхананың кітап қорында - 43891дана кітап қоры бар, оның ішінде- 10017 дана кітап мемлекеттік тілде. 2018 жылға баспасөз басылымдарына жазылуға жергілікті бюджет есебінен 1203,0 млн теңге қаржы бөлініп, 28 дана газет, 23 дана журнал, ауылдық филиал кітапханаларына 18 журнал, 108 газетке баспасөз басылымдарына жазылды. Кадр бойынша барлық қызметкерлер саны - 62 адам, оның ішінде кіші қызметкер – 23. Жоғары білімі бойынша –8, оның ішінде жоғары білімді кітапханашы – 2, орта арнаулы – 29, оның ішінде кітапхана білімімен – 22.
Архив. Әйтеке би ауданының архиві 2005 жылы ашылып, онда 3 қызметкер жұмыс жасайды. Қызметкерлердің2-еуі жоғары, 1-еуі арнаулы орта білімді. Архив қорында жалпы есеппен алғанда 32 қор, 9821 құжат сақталуда. Мекемелерде құжаттаманы ұйымдастыру, ведомстволық архивтерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттау мен құжаттаманы басқару жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарды енгізуге әдістемелік көмек беру және оның орындалуын бақылауға алынып, 30 мекеменің іс номенклатураларын алу / аудандық бөлімдер, мектептер, бала-бақшалар/ келісілді. Осы уақытқа дейін мұрағатқа әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 550 сұраныс түсіп, барлығына жауап берілді.
Азаматтардың хал актісін тіркеу қызметі. Бұл қызмет 2017 жылдан бастап Әйтеке би аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне берілді. Қазіргі күні 2 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 1-еуі бөлімге қарасты маман болса, 2-сі аудан әкімінің аппарат қызметкері. Қазіргі уақытта 10 түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бар. Оның 2-еуі 1 күн, 1-еуі 2 күн, 3-еуі 3 күн ішінде орындап болу қажет мемлекеттік елтаңбалы құжаттар.
Материалды-техникалық база. 2016 жылы – 180,5 млн теңге, 2017 жылы – 198,3 млн теңге қарастырылып, қаржыландыру көлемі өткен жылдармен салыстырғанда ұлғайтылды. Оның ішінде материалдық-техникалық базаны жаңартуда 2016 жылы – 3,2 млн бөлінсе, 2017 жылы – 31,5 млн теңге қаралып аудандық мәдениет саласының материалдық базасы жаңадан жабдықталды. 2017 жылы жергілікті бюджеттен 28,6 млн теңгеге Тереңсай селосында жаңадан клуб үйінің құрылысы аяқталып, жаңа 2018 жылдың қарсаңында қолданысқа берілді. Үшқатты ауылдық клубы 5,2 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өтіп қолданысқа берілді. Ақкөл ауылдық клубы 580,0 теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті. Аудандық «Целинник» мәдениет үйіне 7,5 млн теңгеге музыкалық құрылғы, 10,8 млн теңгеге Лэд-экран, 9,9 млн теңгеге жарық құрылғылары, 830,0 теңгеге бейне камера, 1,9 млн теңгеге жұлдызды аспан сатып алынды және 916 мың теңгеге сахна ағымдағы жөндеуден өтті. Сонымен қатар 7,0 млн теңгеге мәдениет үйіне газ құбыры тартылып, газбен жылыту жұмысы жүргізілді. Аралтоғай ауылдық клубына 527,7 мың теңгеге дауылпаз бен синтезатор сатып алынды. Облыстық бюджеттің қаржыландыруымен аудандық «Халықтар достығы» музейіне 562,0 мың теңгеге газ құбыры тартылып, газбен жылытуға көшірілді.
Ауданымызда 2018 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аудан бойынша ауданның мемлекеттік басқару үлгісіндегі мемлекеттік мекемелерінің іс-қағаздары түгел мемлекеттік тілге көшіріліп, іс-қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлгісі 2018 жылы І тоқсанына 97,9% көрсеткіш көрсетіп, күні бүгінге дейін тіл нормаларын сақтау міндеттері өз дәрежесінде келеді. Әйтеке би ауданында мемлекеттік басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері, лауазым иелерінің сөйлейтін сөздері, қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттары тек мемлекеттік тілде әзірленеді. Жиналыстар мен басқа да іс-шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тілдерді дамыту бағыты бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен бөлімнің ұйымдастыруымен 2017 жылы аудандық 7 байқау ұйымдастырылып, байқауға жалпы саны 76 адам қатысты. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру мақсатында халыққа түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
2017 жылы Қасиетті Қазақстан ғылыми зерттеу орталығы ауданымызда зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында республикалық маңызы бар қасиетті орындардың тізіміне ауданымыздан «Хан моласы» қорымы мен «Бопай ханым» бейітін енгізді. «Хан моласы» қорымы ашылғаннан бастап басына келушілер қатары көбейіп келеді. Бұл біздің ауданымыздағы туризмді дамытудың бірден-бір жолы. Қорымға келушілер үш жылда 3845 адамды құрап отыр. 2015 жылы – 2100, 2016 жылы – 745, 2017 жылы – 1000 адамды құрады.
Аудандық музейде сирек кездесетін және бағалы экспонаттардан тек құны шамамен 1 000 000 теңгелік Аралтөбе ауылындағы Махамбетова Райхан апайдың өз қолымен тапсырған күміс самаурынын атауға болады, одан басқа экспонаттар ол деңгейге жатпайды. Музейлерге жәдігерлермен толықтыру қай уақытта да басты мақсат екенін ескерте өткім келеді. Аудан территориясында 70 шақты тарихи орын бар. Олардың бірлі-жарымы ғана қазіргі күні зерттелген.
Мәдениет үйлері жөнінде де бірқатар атқарылар жұмыстар бар. Олар: аудан орталығында мәдениет үйін мәдени демалыс орталығына айналдыру, ауылдық клубтарды мәдениет үйі деңгейіне көтеру, коворкинг орталық ашу, мәдениет үйі мен ауылдық клубтардағы үйірмелер жұмыстарын жандандыру. Қазіргі күні мәдениет үйінің жанындағы халықтық атағы бар «Әзілкеш» пен «Замандас» театрларының жұмыстары жақсы деңгейде жүріп жатыр. 2015 жылы «Жын. Әйел. Аспирант» және «Өзіме де сол керек» комедияларын 5ауылды аралап сахналады, «Нашақорлық – ғасыр дерті» композициялық көрінісін облыста қойып 2 орын иеленді. 2016 жылы Қ.Шаңғытпаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясын аудан ішінде 4 рет қойып, аудан күндерінде облыстық драма театрында сахналады. 2017 жылы «Жетім тағдыр» драмасын 3 ауылда сахналап, Астана қаласында өткен «Таңғы шұғыла» мега-жобасында «Нашақорлық – ғасыр дерті» композициясымен қатысып 1 орын иеленді. 2018 жылы «Алғашқы махаббат» комедиясымен аудан ішінде 4 ауылда сахналап, «Театр – өнердің ұлы көші» Х аймақтық халықтық театрлар фестивалінде Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясымен «Үздік актерлық ансамблі» номинациясымен марапатталды.
2017 жылдың қараша айынан бастап демалыс және мейрам күндері түстен кейін мульткөрсетілім, кешке кинокөрсетілім ретке қойылып, осы уақытқа дейін 6 ай ішінде 132 фильм тегін көрсетілді. Оның ішінде Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктерінің тапсырысымен түсірілген «28 панфиловшылар», Ахат Сатаевтің «Анаға жол» көркем фильмі т.б. қазақстандық фильмдер бар. Аудандық мәдениет үйімен бірге Басқұдық ауылдық клубта да туған жерге тағзым акциясымен алынған проектор арқылы кинокөрсетілім жүргізіліп келеді. Халыққа көрсетер алдында теріс қылықтар мен бейәдеп болмауы басшы тарапынан бір рет қарап тексеріліп, бөліммен бекітіледі.
Мәдениет пен білім мекемелерінің бірлесе жасаған жұмыстарының нәтижесі ауданға абырой. Соның көрінісі мәдениет саласында да көзге түсіп, сан сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Мысалы: Еңбекту мектебінің 11 сынып оқушысы, жақында 16-18 сәуір күндері Павлодар қаласында өткен «Ақберен» V республикалық байқауының 1 орын иегері жас ақын Дәурен Тлеуханның облыстағы шығармашылық кеші, Қарабұтақ мектебінің жас маманы, ақын, сазгер, әнші Саламат Саимовтың аудандағы шығармашылық ән-кеші, «Замандас» театрының облыстық фестивальдағы жеңісі, Астана қаласында өткен «Таңғы шұғыла» мега-жобасында «Нашақорлық – ғасыр дерті» композициясымен қатысып 1 орын иеленгені, Мәдениет үйінің әншісі Г.Прмағанбетованың Темір ауданында өткен облыстық «Қалықтасын әсем әуен» ретро әндердің облыстық байқауында 1-орын иеленгені және Хромтау ауданында өткен «Еркелей аққан Ор өзен» эстрадалық әндер байқауында 1-орын иеленгені, Саз мектебінің оқушыларының сансыз жеңістері және т.б.
Тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына аудан бойынша төмендегі орындар жатқызылады:
Тың жылдарын ұлықтау мақсатында Жамбыл селосында «Трактор» постаментке орнатылған.
Ескі Қарабұтақ қирандысында украин ақыны, айдауда жүрген Т.Г.Шевченконың болғанын еске салатын тас белгі, ал есімімен аталған Т.Г.Шевченко атындағы кеңшар кеңсесінің алдында 1968 жылы ескерткіш қойылды. Қара қылды қақ жарған қазақтың ұлыларының бірі Әйтеке би есімін ұлықтау үшін 2005 жылы Қарабұтақ селосында ескерткіш орнатылды. Ауданның 15 ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға обелискілер жасалған. Ғасырлардың өзіндік архитектуралық өнерінен сыр шертетін мазарлар, қорымдар және т.б тәу етер сәулет құрылыстары көптеп саналады. Олардың арасынан Сахабай (ХІХ ғ), Сеңгірбай (ХІХ ғ. ортасы), Кепер (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы), Қартабай (ХІХ ғ. ІІ жартысы), Әбдібай (ХІХ ғ), Бұршақбай (1857 ж.), Жаныс (ХІХ ғ), Байғабыл (ХХ ғ. басы) тамдары, ХІХ ғасырдың орта шенінде салынған Нұрсейіт, Қарабас әулие, Шыбын мазарларын және Орта жүздің ханы Әбілқайыр тыныстаған Хан моласы қорымдарын атауға болады. Жабасақтағы Самрат, 1909 жылы тұрғызылған Белқопадағы Құлтас мешіттері, 2006 жылы қайта жөндеуден өткен Қарабұтақ селосындағы Сары Ишан әулие мазарлары қалың бұқараның тағзым етер орындарына айналды.