Азаматтарды қабылдау тәртібі

2012 жылдың 1 қантарынан бастап осы уақытқа дейін Әйтеке би ауданы әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан түскен 161 арыздың 56 қанағаттандырылып, 11 қанағаттандырусыз қалдырылса, 20 арызға түсінік берілсе, 67 арыз басқа органдарға жолданған. Жоғарғы органдар арқылы жеке тұлғалардан 10 өтініш түскен, оның ішінде 3-і бақылаумен.
Заңды тұлғалардан түскен 67 өтініштің ішінде; 7-не түсінік берілсе, 34 арыз қанағаттандырылып, 23 арыз басқа органдарға жолданған. Жоғарғы органдар арқылы 11 өтініш түсті.
2012 жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында әр түрлі мәселелермен 32 тұлға болды, ал аудан әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауында 6 тұлға болды. Айтылған мәселелердің барлығы өзінің тиісті шешімдерін тапты.
2012 жылдың 8 айында Әйтеке би ауданы әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдардың барлығы уақытылы қаралып, тиісті органдарға жолдану барысында мерзімдері сақталған.
Қаралған өтініштер бойынша жеке және заңды тұлғалардын ешқандай шағымдар болған жоқ.