Бизнесті ұйымдастыру және дамыту

Бизнес-жоспар. Қалай жазу керек.
Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің ауқымымен еңсені басады. Осы басылымда бизнес-жоспарды жасауға байланысты барлық негізгі аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді.
Бизнес- жоспар: неге және не үшін.
Жақсы бизнес- жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегі істің тұрақты жағдайына да кепілдік береді.
Бизнес- жоспар жазу өз бизнесіңізді ұйымдастыру бойынша басқа да белсенді әрекеттер жасамай тұрып, бірінші істеу керек нәрсе. Көбі осы қадамды елемейді. Әрине, бизнес-жоспрасыз да бастауға болады. Бірақ Сіз компанияңызды дамыту қажет болған жаздайда қызмет-әрекеттеріңізді дүрлігісті түрде реттегіңіз келе ме?
Несие алатын болсаңыз, сізден міндетті түрде бизнес-жоспар сұрайды. Жақсы серіктес тапсаңыз, ол да Сіздің ойыңызды қағаз бетінде көруден бас тартпайды. Кез келген саналы инвестор өзі қаражат салайын деп жоспарлаған кәсіпорынның бар өзгешеліктерін білгісі келеді. Егер бірнеше бағыттардың ішінен біреуін таңдау қажеттілігі туса, Сіз өз ісіңіздің негізі салынған бизнес-жоспардың болмауы салдарынан қымбат уақытыңызды терең ойға батумен жоғалтасыз.
Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек.
1.1 Жобаның бюджетін анықтау. Жобаны толық іске қосып, алғашқы бірнеше ай ішінде жұмыс істеуі үшін ЕДБ-н қанша қаражат алу керек.
1.2 Банкті анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жеңіддіктерін, кепілдік, несиенің ең көп сомасын туралы білу, жеке тәуелсіз бағалаудан өткізу.
1.3 Кірісті есептеу үшін несиені төлеу тәсімін алу, түсім алу мүмкіндіктерін, бар шығындарды бағалау.
1.4 Кепілзат, несие сомасы, мерзімі, шарттары, төлеу тәсілдері (аннуитет, тең бөліктермен және т.б. ) бойынша банктің алдын-ала қолдауын алу
2.1 Е xcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнімнің өз құнын, өндірістік мүмкіндіктерді, құралдарға кететін шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететін шығындарды есептеу.
2.2 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуетті сұранысты сандық көрсеткіште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелімділік. Кірістілік.
ҮЛГІ ТҮРІ
Басты бөлімдердің құрылымы мен мазмұны:
Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:
1. Жобаның титулдық парағы.
2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ).
3. Нарық пен сала жағдайына талдау.
4. Жобаның мәні.
5. Маркетинг жоспары.
6. Өндіріс жоспары.
7. Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.
8. Ұйымдық жоспар ( басқару және кадр лар ).
9. Қаржылық жоспар.
10. Қосымшалар.
Жобаның суреттеудің қисынына байланысты құжаттың құрылымы, бөлімдердің орны ауысуы мүмкін. Бірақ, ұсынылған жобаны сипаттайтын барлық сұрақтар кешені қарастырылуы қажет.
Бөлімдердің мазмұны:
1. Жобаның титулдық парағы
Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:
· кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы;
· кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі;
· құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;
· жобаның атауы мен мәні (3 - 5 тармақ );
· жобаның толық құны, қаржының болжалды көздері мен олардың құрылымы ( заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар );
· коммерциялық құпияны сақтау туралы өтініш.
2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )
Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.
Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.
Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді ( мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б. ) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет.
Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:
· жобаны іске асыру үшін сыртқы инвестордан не керек – жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетіңіз), құрал-жабдықтарды жеткізу және т.б.;
· жобаны іске асырудағы жобаны ұсынушы кәсіпорын мен сыртқы серіктестің қатысу дәрежесін анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажетті қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;
· несие қорларын қайтарудың тәсілдерін көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс іске асырылған жағдайда несиені қайтару тәсімі мен үрдісі, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспра» бөлімінде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбір кезеңдері орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепілдігін меңзеп тұрмыз.
3. Нарық пен сала жағдайына талдау
Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс.
Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.
Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек.
Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.
Бөлімнің басты нәтижелері:
· қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазіргі нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;
· сұраныстың серпіні мен нарықтың дамуы бойынша негізделген болжамдар;
· ұсынылған жлба аясында шығарылатын өнімнің сатылымы өсу серпінін болжау, компанияның нарықтағы мүмкіндіктері;
· нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезінде кездесетін басты кедергілер, оларды жеңу жолдары.
4. Жобаның мәні
Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесі сұрақтар нақты қарастырылуы керек:
· пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетіп, тауар мен тауар белгілерін сипаттау;
· осы тауарды (қызметті) шығарудағы тәжірибесінің барлығын көрсету;
· сіздің тауарыңыздың бәсекелестеріңіздің (шетелдік бәсекелестерді қоса алғанда) тауарларынан айырмашылығы неде;
· сіздің тауарыңыздың бірегей жаңа ерекшеліктері бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыра алады;
· тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желісін құру және т.б.), лицензияның керектігі.
Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру..
5. Маркетинг жоспары
Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің қлайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету. Бұл жерде келесі сұрақтарды жіті қарастыру керек:
· шығарылған өнімнің түпкілікті тұтынушылары, сұраныс сипаты (бір қалыпты немесе маусымдық); жоба бағытталған нарық сегментінің ерекшеліктері, неге ол бәсекелестерге қарағанда сәттірек болады ( олардың маркетинг стратегиясына талдауды есепке алғанда ); өнімнің қандай ерекшеліктері немесе қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге қарағанда ұнамды етеді;
· бәсекелестердің қандай әрекеттерінен сақтану керек, оларға қарсы әрекеттің стратегиясының басты элементтері;
· технологиялық өзгерістердің өнімге әсер етуі (табиғатты қорғау заңнамасы, алмастырушы өнімдер); ұсынылған өнімге бәсекелес болатын жаңа өнімдерді жасау туралы деректер;
· өнім бағасын негіздеу (сапа талаптарын, өзіндік құн талдауын есепке ала отырып );
· өнімді өткізуді ұйымдастыру : өнімді тарату каналдары, өткізу жүйесін тартымды фирмаларды атай отырып суреттеу;
· тауарды өткіщзу туралы келісім-шарттар мен ниет шарттарының бар екені;
· өнімді өндірер алдында, өндіріс басталғанда және өткізу кезеңдерінде жарнамалау бағдарламасы;
· жарнамаға, өнімді тарату және өткізуге қажет шығындарды бағалау.
6. Өндіріс жоспары
Бұл бөлімнің басты мақсаты – барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.
Бөлімді жобаның алғытарихын сипаттаудан бастау қажет :
· заңды тұлға, оның серіктестері туралы толық ақпарат, қысқаша сипаттама (ұйымдық құрылымы, өндірістік әлеуеті, қаржылық мүмкіндіктер, жасы, басшылық жұмыс, кәсіпкерлік тәжірибесі және т.б.);
· жобаны жасау және іске асыру тарихы, оның маңызды күндері;
· жүргізілген зерттеулер мен ізденулер (қашан, кім, кіммен, кімнің тапсырысы бойынша);
· жобаны іске асырудың барысы бойынша, қазіргі жағдайы туралы ақпарат, оның неліктен бітпегендігін түсіндіру;
· дайындық, инвестиция салар алдындағы зерттеулер мен ізденулерге қажет шығындар туралы ақпарат – егер олар жоба құнына қосылған болса, басқа тараптардан төленбейтін болса.
Ары қарай жобаны іске асырудың басты шарттарын сипаттау қажет, оларды мазмұндаудың нақты құрылымын және айқындығын қамтамасыз ету үшін бөлікше ретінде көрсету қажет :
· жобаны жүзеге асыру жері ( таңдауды негіздей отырып) және құрылыс алаңы, олардың ерекшеліктері, климат, көліктік, инженерлік, әлеуметтік, инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылуы, құрылыс-монтаждау, қосымша жөндеу ұйымдарының болуы, өндіріс алаңдарының барлығы және олардың жағдайы, фискалды және заңдық тәртіп және т.б.;
· өндіріс бағдарламасы және заңды тұлғаның қуаты, өндіріс технологиясы және оны таңдаудың негіздемесі, керек инженерлік құрылыстар, өндірістік активтердің басты басты түрлері (жабдықта және т.б.), оны жеткізушілер, жеткізу шарттары (жалға алу, сатып алу), бағасы;
· материалдық қорларға жылдық сұраныс (шикізат, қосымша материалдар, бөлщектер, қосалқы бөлшектер, коммуналдық қызметтер және т.с.с.), қорларды жеткіщушілер, оларды таңдау негіздері, жеткізу шарттары, шамалы бағалары, басқа да ықтимал шикізат пен материал қорлары;
· ұйымдық құрылым мен басқарудың басты элементтері;
· жұмыс күшінің қажетті құрамы, саны, құрылымы, адам ресурстарының барлығы және құны, кәсіби даярлаудың қажеттігі және мұмкіндігі;
· жоба бойынша жұмыстардың сметалық құны, оларды жоспарлау – құрылыс, монтаждау, эксплуатацияға енгізу және жабдықты жобалық қуатқа жеткізу мерзімі (әр кезеңді іске асыруға кетеін шығындар көрсетілген күнтізбелік жоспар);
· жобаны уақытында жүзеге асыруға арналған маңызды шаралар;
· қарастырылып отырған тауардың сапасы бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жасау, сапа мен сенімділіктің қажетті деңгейіне жетудің нақты сипаттамасы;
· шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару және негіздеу;
· жобаны іске асырудың экологиялық салдары, экологиялық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
7. Инвестициялық климат пен тәуекелдер
Бұл бөлімде инвестициялық климаттың жеке басты факторларына баға беріп, олардың даму үрдістерін жақсару немесе нашарлау жағдайында қарастыру қажет.
Жобаның сәтті жүзеге асырылуымен байланысты тәуекел факторларын бағалау қажет. Бизнес-жоспарда (ең болмаса ұлғайтылған) тәуекелдердің талдауы және оларды төмендетудің амалдарының барлығы осындай жобалардың пайдасына есептеліп, инвесторлардың қызығушылығын арттырады.
Бизнес-жоспарды дайындау барысында келесі тәуекелдерді қарастыру жөн:
1. Технологи ялық тәуекел.
· Технологияның пайдаланылғандығы, жабдықтардың бар болуы, жөнділігі, жөндеуге жарамдығы; қосалқы бөлшектердің барлығы, қосымша жабдықтардың болуы;
· Қызмет көрсетуші қызметкерлерді даярлау, жобамен қамтылған жағдайда кадрлық құрамның импорттық жабдықты қабылдау қабілеті; персоналды оқыту жоспарда бар ма, монтажға шетелдік мамандардың қатысуы;
· Егер технология өндірісте игеріліп жатса – оның тұрақты және сенімділігіне сенім неге негізделеді;
· Ұқсас түпкілікті тауарға ауысқан жағдайда технологиялық диверсификациялау мүмкіндігі.
2. Ұйымдық және басқарушылық тәуекел.
· жұмысты орындаудың жоспар-кестесіның барлығы және оны орындаудың кепілдігі; барлық қатысушылардың жоспар-кестесін нақты орындауға қызығушылығының болуы;
· ұйымдық олқылықтарды қайталау мүмкіндігі;
· мамандандырылған басқарушы қызметкерлердің болуы (менеджерлерді сертификаттау );
· жергілікті администрациямен қарым-қатынастар ( оның жобаға қатысуға қызығушылығын көрсететін дәлелдерді келтіру өте маңызды );
· шешімі жергілікті администрациямен қарым-қатынастарға тәуелді сұрақтарды көрсету.
3. Шикізатпен қамтамасыз ету тәуекелі.
· басты шикізатты жеткізушілер туралы ақпаратты талдау: шикізат қорын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
· басқа шикізатқа көшу мүмкіндігі;
· шикізаттыкірістік бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі.
4. Қаржылық тәуекел.
· қазіргі қаржылық жағдай ( тұрақты, қанағаттандырарлық, тұрақсыз );
· несиені өтеу көздері;
· жобаға қатысушылардың төлемеу мүмкіндігі.
5. Кепілзат пен кепілдіктер бойынша тәуекелдер.
· кепілзаттың бар болуы, несиені өтеудің кепілдігі;
· кепілзаттың өтімділігі ( бағалы қағаздардың өтімділік дәрежесі ) және материалдық кепілзаттарды тиімді пайдалану мүмкіндігі ( жабдықтар, тауар, жылжымайтын мүлік ).
6. Экономи калық тәуекелдер.
· құнсыздану, өзара төлемеушілік сияқты мәселелердің шиеленісуіне әкелетін елдегі экономикалық жағдай нашарлаған болса, заңды тұлғаның экономикалық жағдайының тұрақтылығы;
· шикізат, көлік, энерготасымалдаушы бағалары мен тарифтердің өсу мүмкіндігін бағалау, олардың дайын өнім құнына әсер етуін бағалау;
· возможность снижения платежеспособного спроса на продукцию в районе ее реализации и его влияние на общий баланс товарно - денежных активов юридического лица; наличие запасных рынков сбыта.
7. Салы климатымен байланысты тәуекелдер. Ықтимал салық заңнамасының қатаюы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын қанша нашарлатуы мүмкін.
8. Экологиялық тәуекелдер, қалдықтардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуы үшін мүмкін айыппұл шаралары, олардың заңды тұлғаның экономичкалық жағдайына әсері.
9. Сақтандыру өтемін алмау тәуекелі.
· Сақтандырудың болуы, сақтандыру шарттарының жіті қарастырылуы.
8. Ұйымдық жоспар (басқару және кадрлар)
Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек :
· жаңадан жасалған заңды тұлғаның меншік нысаны (серіктестіктер бойынша жасалу және серіктестік шарттары көрсетіледі, АҚ бойынша басты (жарғы капиталының 5 % жоғарысына ие) акционерлер мен олардың үлесі көрсетіледі ); егер бұл ашық АҚ болса, онда қанша акция шығарылды және қанша шығарылатынын көрсету керек;
· директорлар кеңесінің мүшелері, олардың телефондары, кәсіби мамандықтары, қызмет туралы тізімі, осы саладағы жұмыс тәжірибесі көрсетілген қысқаша биографиялық анықтамалар;
· басшылық құрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлісу, кім қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие.
9. Қаржылық жоспар
1. коммерциялық банктердің немесе басқа қарыз берушілердің (шетелдіктерді қоса алғанда) несие беруге келісімдері осы ұйымдардың сәйкес басшыларымен құжатты түрде расталған болуы керек, несие беру шарттары міндетті түрде көрсетілуі керек: мемлекеттік кепілдіктің бар болуы, пайыздық мөлшерлеме, несиені беру және өтеу мерзімдері, қосымша талаптар.
Облыстық бюджеттен қайтарымды және ақылы қаржы алу туралы өтініш сұратылып отырған қаржының мақсатты жұмсалатыны туралы міндеттемемен нығайтылған болу керек.
Салынған қаражат жойылған жағдайда талапкер мемлекеттік кепілдікті алуға тырысса, осы бөлімде тәуекелдерді сипаттап, кепілдіктің маңыздылығын негіздеу керек.
2. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесі (пайда бойынша жоспары) өндірілген өнімді сатудан түскен түсімдердің бөлінуін, тоқсандар мен жылдар бойғы таза пайданың көлемін көрсетеді.
3.Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудың бастапқы деректері болып ақша түсімдері мен төлемдер жоспарының деректері табылады. Жобаны іске асырудың алғашқы екі жылы бойынша көрсеткіштер тоқсан бойынша бөлінумен көрсетіледі. Жобаның іске асырылатынының басты шарты болып әр уақыт интервалындағы ақша ағынының оң мәні табылады.
4. Инвестициялық жобаның тиімділігі таза дисконтталған кіріс көрсеткіштері кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі, залалсыздық межелі, бюджеттік әсер бойынша бағаланады.
5. Өтемділік мерзімі – осы бизнес-жоспар бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаған уақыттан бастап, амортизациялық шығындарды қосқанда жинақталған таза кіріс пен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылықтың мәні оң болған уақыт аралығы. Таза дисконтталған кіріс, кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі – тиімділік талаптары. Осы тиімділік талаптарын есептеу барысында дисконттау мөлшерлемесі конкурсқа құжаттарды өткізген уақытта бағалы қағаздарды қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен кем болмау керек.
Жобаның тиімділігін анықтау кезінде таза кіріс мен амортизациялық шығындар көрсеткіштері тек инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысына қатысты есептеледі, жұмыс істеп тұрған ұйымныңағымдағы шаруашылық қызметіне қатысты емес.
6. Залалсыздық пайда әкеле бастаған межелі өнімді өткізу көлеміне сәйкес келуі тиіс.
Еспетлеген өнімді өткізу (шығару) көлемі жасалып жатқан кәсіпорынның жобалық қуатымен салыстырылады.
Залалсыздық межелі тұрақты табыстардың мөлшері мен өнім бағасынынң әр түрлілігіне қатынасын өнімді өткізу көлеміне бөлгенде есептеледі.
7. Бюджеттік әсер – инвестициялық жобаның әсері осы жобаны жүзеге асыру барысындағы түсімдер мен облыстық бюджеттің төлемдері арасындағы сальдо. Есептерде түсімдер көлемі мен төлемдерді жобаны жүзеге асыру жылдары дисконттау жүргізіледі.
Тәуекелдерге баға беру
Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.
Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін.
Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады.
Қосымшалар
Көп жағдайларда потенциалды серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның және т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мәліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бәсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингілік зерттеулердің материалдары және өзге де көптеген нәрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады.
«Даму-Көмек» мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бағдарламасы
1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).
Егер Сіз мүгедектігі бар адам болсаңыз, «Даму-Көмек» бағдарламасының көмегімен Сіз «Кәсіпкерліктің жедел курсы» бағдарламасы бойынша оқу, бизнесті құру мен жүргізу бойынша, соның ішінде, дистанциялық негізде білім алу, және жұмыс табу мүмкіндігіне ие боласыз. Демеушілерді тарту арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды және қосалқы материалдарды алу мүмкіндігіне ие боласыз. «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде мүгедек адамдар арасында өз жеке ісін құру және табысты кәсіпкерлік тәжірибесі туралы «Бірге» атты теледидар бағдарламасы жарық көрді, сонымен қатар келесі бағыттар бойынша ақпаратты құрайтын сайт құрылды:
· кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстары;
· мүгедектер үшін бос жұмыс орындары туралы ақпарат;
· мүгедек-кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер мен артықшылықтарға қатысты заңнама актілерден үзінділер;
· мүгедектігі бар еңбекке жарамды тұлғалардың орталықтандырылған мәліметтер банкі.
Бағдарламаның о ператоры:
· «Даму» Қоры.
Бағдарламаға қатысушылар:
· Екінші деңгейдегі банктер;
· Демеуші-к омпани ялар.
2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.
2.1. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:
· Сіздің мүгедектігіңіз бар және бизнесті жүргізу негіздері бойынша білім алу ниетіңіз бар;
· Сіз мүгедектігі бар кәсіпкер болып табыласыз және бизнесті жүргізу үшін біліміңізді арттыру және құрал-жабдықтар алу ниетіңіз бар.
2.1. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса алмайсыз:
· Сіз мүмкіншілігі шектеулі кәсіпкер болып табылмасаңыз.
3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.
3.1. Бірінші кезеңде «Кәсіпкерліктің жедел-курсы» бейне курсын қарап, дистанци ялық негізде негізгі білімді меңгеру қажет;
3.2. Содан соң, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы шеңберінде тегін курстарына қатысу ұсынылады;
3.3. Екінші кезеңде, егер Сізге бизнесті жүргізу үшін құрал-жабдықтар мен қосалқы материалдарды сатып алуға демеуші қажет болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына Қор Менеджерлеріне «Даму-Көмек» бағдарламасына қатысу шарттары бойынша конультация және қатысушының өтінім нысанын алу үшін жүгіну қажет;
3.4. Толтырылғаннан кейін, өтінімді бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкес келуі бойынша тексеру үшін «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына Қор менеджерлеріне жолдау қажет;
3.5. Сіздің өтініміңіз тексерістен сәтті өткеннен кейін «Даму-Көмек» сайтында демеушілерге арналған http://www.damu-komek.kz/needhelp/ бөлімде орналастырылады.
3.6. Сіздің өтініміңіз демеушіні қызықтыратын болса, Қор Менеджерлері Сізбен дереу хабарласады және демеушілік көмекті беру үшін Қор офисіне шақырады. Қор офисіне келу мүмкіндігі болмаса, көмек мекен-жайыңызға жеткізіледі.
4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.
Егер де Сіз негізсіз себептермен тренинг оқу күндеріне қатыспасаңыз, Сізге курсты сәтті аяқтау туралы сертификат ы берілмейді.
5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.
Осы бағдарламаның шеңберінде тренинг-о қытудан өткеннен кейін Сіз «Даму» Қорының басқа да бағдарламаларына, соның ішінде «Құс жолы» ҚҚ бірлескен «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» жобасына қатыса аласыз. Оның шеңберінде Сіз өз бизнесіңізді дамытуға гранттар алу мүмкіндігіне ие боласыз.
6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы )
Сұрақ: « Қандай топтағы мүгедектер бағдарламаның қатысушылары бола алады ?»
Жауап: «Бағдарламаға кезкелген топ мүгедектері қатыса алады.»
Сұрақ: « Бағдарламаға қатысатын демеуші-компаниялар маған бизнесті құру үшін құрал-жабдық бөлуі үшін не істеу қажет? »
Жауап: Сізге http://www.damu-komek.kz/needhelp/ сайтына кіріп, өтінімді толтыру қажет. Содан соң, «Даму» Қорының менеджерлері Сіздің өтініміңіз бойынша демеушіні іздестіруге кіріседі.
7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).
Кәсіпкерлік сұрақтары бойынша кеңес беру
1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандық жол-2050,бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын орындауға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. 2. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру үшін қандай көмек ала аламын?Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының аясында мемлекеттік қолдау төменде аталғандардан тұрады:- Жобаларды іске асыру үшін Банктердің/ Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың Қаржылық лизинг шарттары/ несиелері бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;- Жобаларды іске асыруға бағытталған Банктердің/Даму Банкінің несиелері бойынша кепілдік беру;- Қаржылай емес қолдау бойынша кеңес беру орталықтары арқылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету;- Мемлекеттік гранттарды беру. 3. Ісімді жаңадан бастағалы отырмын. бағдарламаға қатысуға салалық шектеулер бар ма? Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысушылар бола алады. 4. Субсидия дегеніміз не? Кәсіпкерлік әрекеттің операциясына қатысты, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі ретінде болашақтағы белгілі шарттарды орындаумен айырбастайтын кәсіпкердің банкке төлейтін шығындарын шетінен қайтару үшін пайдаланылатын кәсіпкерді қаржылай қолдаудың мемлекеттік тәртібі. Айталық, сіз, жылына 19%-дық ставкамен несие алдыңыз. Оның 10%-ын мемлекет тегін төлеп береді, қалған 9%-ын өзіңіз төлейсіз. Субсидия дегеніміз осы. 5. Ісін жаңадан бастаған кәсіпкердің несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеменің неше пайызы субсидияланады?Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын несиелер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың ішінде 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. 6. Субсидия мерзімін ұзарту мүмкін бе?Несие/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді. 7. Жобаға қатысу үшін міндетті талаптар қандай?Жобаға қатысу үшін екі міндетті талап бар, яғни:- жобаға қатысу барысында салық тұрғысынан қарыз болмау керек,- міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударылымдар бойынша қарыз болмау керек. 8. Субсидияны қалай алуға болады?1. Ең алдымен, банкке жаңа несие беру жөнінде өтініш түсіру керек, егер сіздің қолыңызда игеріліп жатқан несие бар болса, онда субсидия алу жөніндегі арызыңызды және субсидия беру мақұлданған жағдайда несие бойынша пайыздық ставканы тиісті деңгейге дейін төмендету жөніндегі өтінішіңізді қоса беруіңіз керек. Өтініш формасын «Даму» қорының сайтынан ала аласыз: www.damu.kz2. ЖКС Банктен хат алғаннан кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне өтініш етеді және қажетті құжаттарды ұсынады.3. Әкімдік қажет құжаттар мен мәліметтерді толық жинап алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде сіздің жобаңызды Аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді. Кеңес субсидиялау мүмкіндігі (не мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. 4. Сіздің жобаңызды аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдап жатса, әкімдік Кеңес шешімін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне (Министрлік) жібереді. 5. Кеңес шешімімен танысқан Министрлік не сіздің жобаңызды бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайында әкімдікті құлақтандырады. 6. Министрліктен жоба бойынша мәлімет алған әкімдік сізді шығарылған шешіммен таныс етеді.7. Банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде Министрліктің хатын алған соң, субсидиялау жөнінде үш жақты келісім жасалады, яғни, сіз, «Даму» Қоры және банк үшеуіңіздің араңызда. 8. Әрі қарай сіз субсидияланбайтын пайыздық ставка бойынша банктің сыйақысын өтеуді банкпен арада жасасқан келісім-шартқа сай жүргізе бересіз.9. Егер сіз қандай да бір себептермен несие бойынша дер уақытында төлем жасауды тоқтатқан болсаңыз, онда субсидия бойынша жасалатын төлемдер де уақытша тоқтатылады, ал әрі қарай мүлдем тоқтатылуы мүмкін. 9. Несие бойынша субсидия төлеу қандай жағдайда тоқтатылады?Субсидиялау төмендегідей жағдайларда тоқтатылуы мүмкін, егер: • субсидияланатын несие мақсатсыз жұмсалып жатса;• кәсіпкер үш ай қатарынан банк алдындағы міндетті өтемдерін төлей алмаса; • несие мерзімінен бұрын толық өтеліп жатса; • АҮК «Даму» Қорының және/не әкімдіктің өтінішімен (ескертуімен)тиісті шешім шығарып Министрліктің келісімін алып жатса. Субсидия төлеу жөнінде Аймақтық үйлестіруші кеңес шешім шығарғанға дейін субсидия төлеуді «Даму» Қоры тоқтата алады. 10. Субсидия алуға қажетті құжаттар тізімі қандай?Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімін алған Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензиясы (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) қосымша ұсынады;4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары;6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар;7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар;8) Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге несие беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе несие/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты. 11. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты қай мекемелерден ала аламын? Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы толық ақпаратты келесі мекемелерден ала аласыз:1. Арал аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімі;Аталмыш мекемелер Арал қаласы, Мектеп көшесі, 35 үй, «Арал қаласы әкімі аппараты» ММ ғимаратында орналасқан. 2. Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ;Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12. 12. Өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданған жобалар басқа банктерде қайта қаржыландырылуы мүмкін бе?Кәсіпкердің субсидиялау құралы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде қайта қаржыландырылуы мүмкін. 13. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар несиелер субсидиялауға жатады ма?Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады. 14. Міндетті салықтар бойынша мемлекет алдында қарыздары бар тұлғалар субсидияға ие бола алады ма?Салықтар бойынша мемлекет алдында қарыздары, сондай-ақ банктік несиелері бойынша қарыздары бар тұлғаларға субсидия ұсынылмайды.