Балабақшалар

Мектепке дейінгі тәрбие. Әйтеке би ауданында 42 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, оның ішінде 24 шағын орталық және 18 бала бақша бар. Шағын орталықта 725 бала және мектепке дейінгі ұйымдарда -766, барлығы — 1491 бала қамтылған. Топтардың тығыздығы мен балабақшадан орын алу кезегінің көптігі Комсомол ауылында мектепке дейінгі ұйымдарға орын тапшылығын көрсетеді. «Балауса» МДҰ-нда жалпы жобалық қуаты 140 орындық болса, қазіргі уақытта 140 тәрбиеленуші барады. Аудан бойынша барлығы 401 бала, Комсомол ауылы бойынша 350 бала балабақшаға баруға кезекте тұр.