Жұмысқа орналастыру

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Әйтеке би ауданына республикалық бюджеттен 851,3 млн тг. бөлінді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 27 инфрақұрылым нысандарын іске асыруға 582,3 млн теңге бөлінді.
Жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша 169 адам күрделі жөндеу жұмыстарына жіберілді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты бойынша ағымдағы жылы өз ісін жаңадан ашатындарға және қолданыстағы бизнесін дамытуға 252,0 млн теңге бөлінді, соның ішінде:
- қайтарылған қаражат есебінен – 20,0 млн тг.,
- жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге (3 млн теңгеге дейін) – 106,0 млн тг.
- «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жоба бойынша (6 млн теңгеге дейін) – 126,0 млн тг.
Қазіргі уақытта, 122 қатысушыларына сомасы 251,7 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді, соның ішінде:
- қайтарылған қаражат есебінен 11 адам, 19,7 млн теңге;
- жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге (3 млн теңгеге дейін) – 65 адам, 106,0 млн теңге;
- «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жоба бойынша (6 млн теңгеге дейін) – 46 адам, 126,0 млн теңге
Өткен жылмен салыстырғанда екінші бағыты бойынша 63,0 млн теңге бөлінді және 50 бағдарлама қатысушыларына сомасы 69,9 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты аясында 19,2 млн тг. бөлінді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 3,1 млн тг. қаралды. 22 жұмыссыз адам жұмысқа жіберілді.
Жастар тәжірибесіне 25 жұмыссыз түлектерді орналастыруға, сомасы 9,0 млн тг. бөлінді, қазіргі танда 52 адам жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.
Кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға – 33 адам, сомасы 6,5 млн тг. бөлінді.
Қайта даярлауға жіберілген 24 адам оқуын аяқтады және жұмысқа орналастырылды.
Қазіргі таңда, 9 адам Ақтөбе техникалық колледжіне 10 айлық кәсіптік даярлауға жіберілді.