Мектептер

Жалпы орта білім беру. Аудандағы жалпы орта білім беретін мектептер саны – 30, олардың 24-і орта, 5-еуі негізгі, 1-еуі бастауыш, онда 4350 бала білім алуда (2015-2016 жылы — 4450). Оның ішінде: орта мектептерде – 4144,негізгі мектептерде — 190, бастауыш мектепте – 16. Шағын жинақталған мектептер саны – 23 (2108 оқушы). Жалпы саны — 3514 оқушыны құрайтын мемлекеттік тілдегі 25 мектеп, 228 оқушысы бар орыс тілінде 2 мектеп, 608 оқушысы бар 3 аралас тілді мектеп жұмыс жасайды. 2016-2017 жылы 1-класқа 485 оқушы қабылданды. Ауданда 1 саз мектебі (348 бала) және 1 педагогика-психологиялық түзету кабинеті (28 бала) жұмыс жасайды. Ауданда 15 орындық 1 мектеп жанындағы интернат (Жабасақ ауылы Жабасақ орта мектебінің жанында) бар.
Материалды-техникалық база. Жаңа модификациялық кабинеттер: биология – 11 (37,9%), физика – 26 (89,6%), химия – 17 (56,6%), лингафонды- мультимедиялық кабинеттер – 13 (43,3%). Интернет желісіне мектептердің қосылуы- 100 %, кең жолақты интернет желісіне – 100 %.
1 компьютерге келетін оқушы саны- 6,9 (2015 жылы- 6,8)