Талдысай орта мектебіндегі Қарттар күні

1 – қазан Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт 2 қазан күні ұйымдастырылды. Бұл күні мектебіміздің төріне қариялар мен қонақтар жиналды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік концертте ең алғашқы құттықтау лебізі ауылдық округ әкімі Б.Н. Прмағанбетовке берілді.
Ауылымыздың өнегелі де өмір тәжірибесі мол ақсақалдарымызға мектеп оқушылары өз дайындаған музыкалық нөмірлерін және өлең жолдарын арнады. Мерекелік концерт соңында осындай өнегесі мен парасаты мол қарттарымыздың күнінде жүргізушілер ауыл қарияларына денсаулық, ұзақ өмір т.б.жылы тілектер жазылған өлең жолдарын оқыды. Қариялар осындай мерекеде сыйлап, мерекелік концертке шақырған мектеп ұжымы мен оқушыларына алғысын айтып, ақ баталарын берді. Сонымен қатар ауылымыздың жеке кәсіпкерлері Есенгелдин М, Испембетов А, Шектибаев Қ , Холоша Ю,Әуезов А, Калинчук В , Ишков Ю және мектеп , балабақша, селолық округ ұжымы, кітапханашы Р.Сарсенова өз үлестерін қосып, мерекелік дастархан дайындалды.