Талдысай орта мектебі оқушылары қарттарға көмек көрсетуде

28,29-қыркүйек күндері мектебіміздің оқушылары ауылымызда тұратын жалғызбасты қариялардың үй шаруасына көмектесіп, аулаларын тазартып берді.
10-класс оқушылары тәлімгер Әзілханова А.А жетекшілігімен Бурундуковтарға көмек берді.
Тәлімгер Машева А.А және 9-класс оқушылары Гаврилюк , Лупояд қарияларға көмек берді.
8-класс оқушылары тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Абдикадиров М бірге Кителло, Швецовтардың үйіне барды.
7а-класс оқушылары жас маман Сакенай С Твердина әжейге көмек берсе, 7б-класс оқушылары жас маман, физика пәнінің мұғалімі Жаржанов Т жетекшілігімен Головощенко Мария әжейдің шаруасына көмек берді.
6а,6б-класс оқушылары Алиева А апаймен Холоша Т.С мен Снежкова Н әжелерге көмек берді.
Қарттар күні мерекесі жақсы ұйымдастырылып, қариялардың көңілінен шығып, ризашылықпен аяқталды.
Тәрбие ісінің орынбасары: К.С.Мукашева