«Ұстазым менің ұстазым»

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Осындай өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап мектебімізде 30 қыркүйек күні толықтай таңертең ұстаздарды қарсы алып құттықтаудан бастап , сабақ беру, мерекелік концертке дейін оқушылардың ұйымдастыруымен өтті. Оқушылар ұстаздарды әсем әуенмен қарсы алып, ұстаздар күнімен құттықтады. Мектептің акт залында «Ұстазым менің ұстазым» мерекелік концерті оқушылардың ұйымдастыруымен қызықты, көрермендердің назарын аудара білді. Мерекелік концертте ұстаздарға арналған өлең жолдары оқылып, әсем әндер орындалып, ойындар жүргізіліп, керемет би де биленді. Концертке ардагер ұстаздарымыз бен ауылымыздағы ұжымдар шақырылды. Оқушылардың мерекелік құттықтауларына қосылып, шекарашылар ұжымы атынан шекара басшысы Қ.Жақсылықов ән орындады. Ата-аналар атынан әсем ән орындалып, түлектер атынан А.Махмуд өлең жолын оқыды. Концерт соңында ұстаздарға арнайы дайындалған инстагрмм үлгісіндегі суретке түсу орнына естелікке суретке түсті.