Ұстаздар күні мерекесіне орай волейбол ойыны өтті.

Талдысай орта мектебінде 30 қыркүйек күні Ұстаздар күні мерекесіне арналған волейбол ойыны өтті. Ойынға мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиешілер, оқушылар, шекарашылар командасы қатысты. Ойын қызықты, тартымды өтті. Команда құрамында 3 ер, 3 қыз болды. Ойынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Слюсарь Р.П, Машева А.А төрелік етті. Ойын қорытындысы бойынша 1 орында «Мұғалімдер», 2 орынды «Оқушылар», 3 орынды «Ата-аналар» жеңіп алып грамотамаен марапатталды. «Тәрбиешілер» , «Шекарашылар» командасына белсене қатысқаны үшін алғыс хаты берілді. Жабылу салтанатында мектеп директоры С.Б.Биртаева және «Аққайың» балабақшасының меңгерушісі С.Ярова мұғалімдерді мерекемен құттықтап, қатысқан командаларға демеушілік жасады.