«Қарты бар ел – қазыналы ел»

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген сөзді қашанда ұлық еткен қазақ деген халықтың ұрпағы екеніміз айдан анық. Тек сол сөздің сөз күйінде қалмай, іс жүзінде іске асуы бүгінгі қоғамның басты бас қатырар мәселесі. Ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты аналарымыздың қадір-қасиетіне жетіп, абыройын аспандатқан өнегелі іс-шаралар Жабасақ орта мектебінде өтті. Сол іс-шараларды ретімен тарқатсақ... Қыркүйек айының жиырма жетінші жұлдызынан бастап бір жеті бойы мектеп оқушыларына мағыналы бейнероликтер көрсетілді. Келесі шара, яғни 28.09 күні ауыл қарттарының үйіне көмек көрсету жоспарға қойылып ол жоспар толықтай дерлік жүзеге асты. Ал 29.09 күні мектеп оқушылары және ұстаздар қауымына қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар осы шараның ізін шала «Ақиқатты айқындап жариялап, бара жатыр азайып қариялар...» тақырыбында трениг сәтті өтті. Осы шаралардың қорытындысы ретінде 02.10 «Қарты бар ел-қазыналы ел» тақырыбында қорытынды кеш болды. Кешке ауылдың және көршілес Аққұм, Байжанкөл ауылдарынан қарттар арнайы шақыртылып құлақ құрышын қандырар әндер мен мың бұрала билеген биші қыздарымыз өнерімен тәнті етті. Сондай-ақ, күйшілер мен көркем сөз шеберлерінің өлеңдерімен сусындап қайтты. Бұл шараға барлығы 54 қария қатынасты. Кештен марқайып шыққан қарияларымызға «Самырат» мешітінде ас беріліп, құран бағышталды. Бұл шараның қортындысы бойынша Жабасақ елді-мекенінің қарияларын ұлықтап, қадір тұтатындығы тағы да бір ерекше байқалды. Сөз соңында өскелен ұрпақ осындай игі шаралардан үлгі алып, асыл қарттарымызды құрметтеп жүргей...