Қариясын қадірлеген ел ардақты

1 қазан қарттар күніне орай Еңбекту орта мектебінің ұжымы және оқушылары ауылдың ата-əжелеріне сый-құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады. Қарттарымыз немерелерінің өнеріне тәнті болып,баталарын берді. Сонымен бірге қариялардан ауылдың алты ауызы сұралып, халық əндерін ортаға салып, көңілдері бір серпіліп қалды. Қарттарымызды əрдайым ардақ тұтып жүрейік. Қарияларға құрмет көрсету тек мереке күндерімен ғана шектеліп қалмасын деген тілек айтқымыз келеді.Ақпарат ұсынушы: Бегалина Сағыныш Ержанқызы