«Ұстаз-ұлы тұлға» атты көңілді мәре сайысы.

2017 жылдың 7 қазан күні Т.Жүргенов атындағы орта мектебінде Халықаралық ұстаздар күніне орай, «Ұстаз-ұлы тұлға» атты көңілді мәре сайысы мектеп ұжымының бірлестіктерінің арасында өткізілді. Шараға 6 бірлестіктен 30 мұғалім қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде «Зерде» бірлестігі бас жүлдені жеңіп алса, 1 орынды «Өнер» бірлестігі, 2 орынды «Атамекен» бірлестігі, 3 орынды «Асар» бірлестігі қанжығасына байлады. «Ең үздік ойыншы» номинациясына Боранбаева Мирамгүл ие болды. Жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайысты қорытындылау кезінде Т.Жүргенов Ом-нің спорт нұсқаушысы С.Нажимов сайысқа қатысушыларға алғыс білдіре отырып, бұл жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде аудан көлемінде өткізілетінін атап өтті.
Ақпаратты әзірлеген: Т.Жүргенов Ом-нің спорт нұсқаушысы С.Нажимов