«Бизнес ортаны дамыту» бойынша семинар-кеңестер

2017 жылдың 9 қазан күні Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы бастаған топ мүшелері Әйтеке би ауданына келді. Алдымен сағат 10.00-де «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Нұрғалиева Айгерімнің қыздарға арналған кеңесі өтті. Өзінің сұлулық әлеміне қалай келгендігін, сұлулықтың сан алуан қырлары мен сырлары жайында баяндай отырып, макияж жасауды үйретті.
Сағат 12.00-де «Нұр Отан» аудандық филиалының ғимаратында Ұбайниязов Ерәділ өзінің семинар-кеңесін өткізді. Ол осы кезге дейінгі жеткен жетістіктері, тәрбиелеген шәкірттері туралы және де спорттық нысандарға байланысты тың ақпарлар беріп өтті.
Сағат 14.00-де «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Муханова Салима бизнестің әр саласы бойынша ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жас кәсіпкерлер мен жастарға бизнес туралы жеткілікті бағыт-бағдар берді. Барлық семинар-кеңеске жас кәсіпкерлер, ниетті жастар қатысып, көптеген мәліметтер алды.
Ақпаратты әзірлеген: аудандық жастар ресурстық орталығы