Ақтөбе футболының ардагері Н.Шалекеновты еске алуға арналған халықаралық турнирі.

2017 жылдың 30 қыркүйегі мен 7 қазан аралығында 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақтөбе футболының ардагері Н.Шалекеновты еске алуға арналған халықаралық турнирі өтті. Ақтөбе құрамасы ОДЮШОР-2002 командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Құрамында жерлестеріміз, М.Жұмабаев Ом мен Т.Жүргенов Ом-нің оқушылары Шәрі Жұбаныш, Рақымжанұлы Жанарыс және облыс құрамының капитаны Баспақов Есет ойнады. «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясына Рақымжанұлы Жанарыс ие болды. Жаттықтырушысы Сулейменов Шыңғыс.
Ақпаратты әзірлеген: аудандық жастар орталығы