Мүгедек жандарға қамқорлық — қоғамның қасиетті парызы

Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Қазіргі сәтте оларға қолдау көрсету еліміздің саяси міндетіне айналуда.
Жалпы, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылған тірлік жетерлік. Оларға жасалатын әрбір көмек еш уақытта толастамауға тиіс. Себебі, өмірдің тауқыметін тартса да, басына түскен іске мойымай күн кешіп жүрген жандардың жайы қай кезде де алдыңғы орындарда болып, басты назарда болуы хақ. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмектесіп, оларды белсенді тірлікке тарту, жұмыспен қамтуға қатысты шаралар арнасын кеңейту жүзеге асырылуда. Қоғамдағы осы топтағы адамдардың тіршілік ету сапасын жақсарту — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып белгіленуде. Ендеше, 2017 жылдың 10 қазан күні аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай дойбыдан және дартстан жарыстар өткізілді. Жарысқа 17 адам қатысып өз бақтарын сынады. Жарысқа қатысушыларды аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Қ. Ниязов құттықтап, өз лебізін білдірді. Жарыс нәтижесінде дойбыдан ерлер арасында 1-орын Жұбатқанов. Ж, 2-орын Қалыбеков Ы, 3-орын Жарылқапов А, қыздар арасында 1-орынды Суликова А, 2- орынды Бөкенбаева Ж, 3-орынды Бекмурзина Ә иеленді. Дартстан ерлер арасында 1-орын Ерахметов Ф, 2-орын Жарылқапов А, 3-орын Елеуов М. иеленді.
Жарысқа қатысушыларды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Р.А.Ермаганбетов жеңістерімен құттықтап, грамоталар мен сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық музей, аудандық кітапхана, спорт бөлімі және аудандық мәдениет үйі тарапынан дастархан жайылып, қатысушылар өз ризашылықтарын жеткізді. Ал Садесов Ақан атай дастархан батасын берді.