«Пай-пай шіркін қазақтың келіндер-ай!»

Жамбыл ауылдық округінде 07 наурыз күні с/о мекемелерінен ауыл келіндері арасында қазақтың әдеп –ғұрпы мен салт-дәстүрі,ұлттық тағам түрлерін әзірлеу,көркем сөз оқу ,ісмерлік қолөнер шеберлігі бойынша сайысқа түсті.
Келіндер сайысы барысында ауыл ақсақалы Валуев В.И 8 наурыз әйелдер күні мерекесімен құттықтады.Қазылар алқасы әділ бағасын берді. Қазылар алқасының шешімімен балабақша тәрбиешісі Бөлекеева Масаты жеңімпаз болып танылды.С/о әкімі Қарабалаев Б. мейраммен құттықтап, бұл шара танымдық жағынан,ұлттық салтымызды жаңғыртып ,жастарға тәрбие беруде маңызды қадам екенін тоқталып өтті.
Келіндер сайысы байқауына қатысқан с/о бас маманы Мусина М,балабақша тәрбиешісі Маленкина Г,мектеп іс жүргіушісі Рахметова Г,мұғалім Алимова Ж, ұлттық болмысымзға тән рәсімдерді көпшілік алдында сән салтанатпен көрсете білді. Жиналған қауым қазақы салт дәстүр қайта жаңғырғанының бір көрініс ретінде қабылдады.
Ақпаратты әзірлеген: Жамбыл ауылдық округінің әкімшілігі