ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Қарабұтақ ауылындағы Әйтеке би көшесінің тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуді алғашқылардың бірі болып бастады. Көше тұрғындары ұлттық нақышта киініп, көшеде ән айтып, би билеп, келген қонақтарды бауырсақ, наурыз көже, ыстық шәй мен басқа да ұлттық тағамдар құрт-майын ұсынып риза етті.
Өз кезегінде келушілер де көше тұрғындарының Жаңа жылдағы жаңа бастамасына ризашылықтарын білдіріп, дастархандарынан дәм тата отырып наурызға арнаған баталарын берді, көпшілік алдағы уақытта бұл үрдістің жалғаса беруіне тілек білдірді.
Ақпаратты әзірлеген: Қарабұтақ ауылдық округінің бас маманы: А.Сергазиева