Рәміздерге құрмет – Отанға құрмет

Жамбыл ауылдық кітапханасында оқырмандар, әкімшілік қызметкерлері және оқушылардың қатысуымен ҚР Елтаңбасының стандартқа сәйкес өзгеруіне байланысты «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында ауыл әкімі Б.Қарабалаев ҚР Елтаңбасының стандартқа сәйкес өзгеруіне жаңа үлгідегі Елтаңба туралы толығырақ түсініктеме берді. Тарих пәнінің мұғалімі Р.Шамшадиновна «Елтаңба және Әнұран қасиеттері, құндылықтары» атты баяндама оқып, елінің тарихында сан қырлы оқиғалары, Елтаңба, көк туымыздың белгілерін, идеялары туралы қысқаша айтып өтті. «Рәміздерге құрмет – Отанға құрмет» атты көрмесіне шол жасалып, тақырыпқа сай қойған материал, әдебиеттермен таныстырылды. Дөңгелек үстелге 15 оқырман қатысты.
Ақпаратты әзірлеген. Жамбыл ауылдық округі округінің әкімшілігі