«Білім саласы қызметкерлеріне электронды үкімет порталы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді»

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің бастамасымен «Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу» тақырыбы бойынша Талдысай жалпы орта білім беретін мектебі, «Аққайың» мектепке дейінгі ұйымының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы түсіндіру жұмыстары семинар түрінде өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын жетілдіру мақсатында электронды түрде қызмет алудың артықшылықтары туралы барынша ақпаратпен қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің маманы www.egov.kz порталы қызмет алу жолдарын, тәртібін, бірреттік пароль арқылы қызмет алу туралы түсіндіріп өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ұйымдастырушылар тарапынан жауаптар берілді. Сондай-ақ, қызмет сапасын жақсарту және тиімді жолын көрсету мақсатында интернет желісіне қосылған компьютермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ұйымдастыру ұсынылды.