«Семинар-тренинг ұйымдастырылды»

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің бастамасымен «Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу тәртібі» тақырыбына сәйкес информатика пәні мұғалімдеріне семинар-тренинг ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімді жолы электронды үкімет веб-порталының жұмысы қарқынды дамып келеді. Осы орайда электронды түрде көрсетілетін қызметтерді саны артуда. Осы орайда, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Семинар-тренингте қатысушыларға www.egov.kz электронды веб-порталы арқылы қызмет алудың әдістері тәжірибе түрінде көрсетілді. Атап айта кететін болсақ, www.egov.kz электронды веб-порталы арқылы қызмет алу үшін электронды-сандық қолтаңба немесе бірреттік пароль арқылы алу үшін ұялы телефон нөмеріңізді тіркету қажет. Нөмерді тіркету үшін бір рет жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркетуге болады немесе электронды-сандық қолтаңба болған жағдайда ұялы телефонға (смартфон) MGOV бағдарламасын жүктеп, сол бағдарлама арқылы тіркеуге болады.