Бірреттік пароль арқылы қызмет алу туралы түсіндіру шаралары өтті

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдаструымен «Электронды қызметтерді бірреттік пароль арқылы алу» тақырыбына сәйкес М.Жұмабаев, Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінде семинар өтті. Аталған семинарға мектеп басшылығы мен қызметкерлері белсене қатысты. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатырған шараның негізгі мақсаты: қызметкерлерге электронды қызметтер туралы мәлімет бере отырып, тиімді жолдарын көрсету және компьютерлік сауаттандыру. Себебі электронды қызмет алудың негізгі тиімді жолы- бұл бірнеше минут ішінде ешқайда шықпай-ақ, үйде немесе жұмыс орнында керекті қызметтерді веб-портал арқылы алу. Семинарда қатысушыларға бірреттік пароль арқылы алу қызмет алу бойынша түсіндірілді. Сонымен қатар, MGOV базасында ұялы телефон нөмерлерін тіркеу жұмыстарын жүргізді. Айта кететін болсақ, www.egov.kz электронды веб-порталы арқылы қызмет алу үшін электронды-сандық қолтаңба немесе бірреттік пароль арқылы алу үшін ұялы телефон нөмеріңізді тіркету қажет. Нөмерді тіркету үшін бір рет жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркетуге болады немесе электронды-сандық қолтаңба болған жағдайда ұялы телефонға (смартфон) MGOV бағдарламасын жүктеп, сол бағдарлама арқылы тіркеуге болады.