Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы аудан әкімінің басты назарында

Қарапайым халықпен пен қызмет көрсетуші мекеме арасындағы байланыстың тиісті деңгейде болуы – бұл басшылықтың тікелей бақылауын қажет етеді. Осы орайда ағымдағы жылдың 12 сәуір күні аудан әкімінің төрағалығымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске аудан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуші бөлімдердің басшылары мен қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер шақырылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапалы болуы, бұл – тұрғындарға қызмет алудың тиімді әрі оңай жолдарын ұсыну, заңнамалық, әдептілік тәртіптерді сақтай отырып уақытылы қызметтер көрсету. Қазіргі уақытта қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көптеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсету үшін жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, аудан әкімі 2018 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген жұмыстардың қорытындысын атап өтіп, мекеме басшыларына әрі қарай тиісті деңгейде жұмыстар жүргізуге тапсырма берді.