Педагог қызметкерлерге арналған жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу, категорияларды ұлттық біліктілік тест арқылы беру және орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, яғни жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау сияқты бірқатар міндеттерді орындау керектігін атап өткен болатын.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастырып, жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуді жоспарлап отыр.
Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.
«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:
1) бір дұрыс жауапты таңдау,
2) бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау,
3) бір ғана мәтіна ясында адамның академиялық және әдістемелік әлеуетін білуге мүмкіндік беретін бір дұрыс жауабы таңдалатын мән мәтіндік тапсырмалар.
Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлілігі оқу материалдарын жаттап алу және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 20 минут (200 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).
Тест құрылымы
Блок
Тапсырмалар саны
Тапсырманың формасы
Бағалаудың нысаны
Уақыт (минут)
Оқыту пәнініңмазмұны
70
50
Бір дұрыс жауапты таңдау
Терең академиялық білімі
100
10
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Академиялық білім тұрақтылығы және барынша толық бағалау
20
10 (2 мән мәтіндік тапсырманыңәрқайсысына 5 тапсырмадан)
Бір дұрыс жауабы таңдалатын мән мәтіндік тапсырмалар
Пәнді академиялық білімге, икемділік пен дағдыларға негізделген практикалық түсінігі жағынан бағалау
20
Педагогика, оқыту әдістемесі
30
30
Бірдұрысжауаптытаңдау
Базалықпәндербойыншажалпыакадемиялықбілімі
60
Балдардың шектік деңгейін анықтау
Категориялар
Блок
Пәндер бойынша балдар
Біліктілік сынағынан өту
(пайызы)
Біліктілік сынағынан өту
(балы)
Педагог-модератор
Оқыту пәнінің мазмұны
80
50%
40
Педагогика, оқыту әдістемесі
30
50%
15
Педагог-сарапшы
Оқыту пәнінің мазмұны
80
60%
48
Педагогика, оқытуәдістемесі
30
60%
18
Педагог-зерттеуші
Оқыту пәнінің мазмұны
80
70%
56
Педагогика, оқыту әдістемесі
30
70%
21
Педагог-шебер
Оқыту пәнінің мазмұны
80
80%
64
Педагогика, оқыту әдістемесі
30
80%
24
Бағалау:
Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:
- барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,
- бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,
- екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.
Максималды балл – 110 балл.