Назар аударыныз! Субсидия

«Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бірінші көбейтілгеннен төмен емес және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына сатып алуға жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидия бағдарламасына қатысуға 2017 жылдын 21 мамырынан өтінімдер қабылдау басталатындығын хабарлайды.
Субсидиялар субсидиялауға жататын тұқымдар егілген тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар болған жағдайда беріледі (жиынтықта).
«Әйтеке ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Комсомол а. Жургенов көшесі, 62үй, телефон 8 (71339) 21253