Әйтеке би ауданы бюджетінің орындалуы

Әйтеке би ауданы бюджетінің орындалуы
2018 жылдың I тоқсанына
Аудан бюджетінің кірістері республикалық және облыстық бюджеттен түскен трансферттерді қоса алғанда 109,1 пайызға орындалды, жоспар 812 354,8 мың теңге кезінде нақты түскені 886 139,2 мың теңгені құрады. Жергілікті бюджеттің жоспары 126,2% орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 34 572,2 мың теңге артығымен орындалды немесе 116,1%.
Бюджеттің шығыс бөлігі трансферттерді қоса алғанда 100% орындалды. Жоспар 812 354,8 мың теңге болса, игерілген қаражат 812 081,3 мың теңге.
Аудан бойынша бюджет қаражатын игеру мынадай деректермен сипатталады:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша жоспарланған қаражат 75 365,9 мың теңге болса, игерілген қаражат 75 174,0 мың теңге, орындалуы 99,7%.
«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша жоспар 48,1 мың теңге 100% игерілді.
«Білім беру» функционалдық тобы бойынша жоспарланған қаражат 593 669,3 мың теңге, игерілген қаражат 593 628,3 мың теңге, орындалуы 100%.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша жоспар 32 101,3 мың теңге, игерілген қаражат 32 098,6 мың теңге, орындалуы 100%.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша жоспарланған қаражат 5 990,7 мың теңге, игерілген қаражат 5 990,5 мың теңге яғни 100%.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша жоспар 41 054,2 мың теңге, игерілген қаражат 41 047,7 мың теңге, орындалуы 100%.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша жопар 25 578,5 мың теңге, игерілген қаражат 25 548,5 мың теңге, орындалуы 99,9%.
«Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша жоспар 5 500,0 мың теңге толығымен 100% игерілді.
«Басқалар» функционалдық тобы бойынша жоспар 1995,0 мың теңге, игерілген қаражат 1993,9 мың теңге, орындалуы 99,9%.
«Трансферттер» функционалдық тобы бойынша жоспар 31 051,8 мың теңге толығымен 100% игерілді.