Халықты цифрлы сауаттандыру курстары

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Ақтөбе облысы тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын. Бекітілген жоспарға сәйкес, бүгінде Әйтеке би ауданы тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында тегін оқыту курстары басталып кетті. Ағымдағы жылдың 06 маусым күні Құмқұдық ауылдық округінің Қарашатау жалпы білім беретін мектебінде оқыту жұмыстары өткізіліп, жергілікті тұрғындар цифрлық бағыт бойынша білімдерін жетілдірді. Еске салсақ, жалпы оқыту курстары келесідей 4 бағыт бойынша жүргізілуде:
- Компьютерлік сауаттылықты арттыру;
- «Электронды үкімет порталы» арқылы қызмет түрлерін электронды форматта алу;
- «Ашық үкімет» порталын қолдану;
- Электронды сауда, интернет желісі арқылы тапсырыс беру.
Құрметті Аудан тұрғындары, Сіздерді оқыту курстарына белсенді түрде қатысуға шақырамыз! Курсқа жазылу жəне толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ауылдық округ əкімі аппаратына немесе 8(71339)21456 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.
Әйтеке би аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесі